Бүгін, 25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында жолаушылар ұшағы құлады. Мәліметтерге сәйкес Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы Баку-Грозный № J2-8243 рейсін орындау кезінде Ақтау қаласынан 3 шақырым қашықтықта құлаған.
Әзербайжанның Report сайтының хабарлауынша, ұшақ құстарға соғылған. Ұшақ бортында 67 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Ал Қазақстандағы жергілікті мәліметтер бойынша, сағат 11:10-да РМК «Қазаэронавигациядан» келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, әуе кемесінде 105 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. ҚР Денсаулық Сақтау министрлігінің мәліметінше, алты адам тірі қалған.
Ақтауда ұшақ апаты болған жерге Қазақстанның ТЖМ-нің 52 адамнан тұратын жеке құрамы мен 11 техникасы жеткізілді. Құтқарушылар барған кезде әуе кемесі жанып жатқан. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, тірі қалғандар бар екені хабарланды.
ТЖМ-нің Командалық орталығында республикалық жедел ШТАБ құрылды.
Сурет: report.az