Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қыркүйекте қазақстандықтар зейнетақы қорынан шешіп алған бірреттік төлемдердің 85%-ын ипотекаға жұмсаған
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 07/10/2024

Қыркүйекте қазақстандықтар зейнетақы қорынан шешіп алған бірреттік төлемдердің 85%-ын ипотекаға жұмсаған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қыркүйекте тұрғын үй үшін зейнетақы жинағынан біржолғы төлем алуға түскен 39,1 мың өтініш қаралған. БЖЗҚ-дан алынған жалпы қаржы сомасы 37,1 млрд теңгені құрады.

Өтініштердің түсуі шілдеден кейін үш ай бойы шамамен бір деңгейді сақтап отыр.

«Бір айдағы өтініштердің шамамен 85%-ы ипотеканы жартылай өтеумен не тұрғын үй жинақ шотын толықтырумен байланысты», — деп жазды Data Hub.

Зейнетақы жинағынан қаржы алу сомасына келетін болсақ, ол шілдедегі 45,1 млрд теңгеге дейінгі күрт өсімнен артта. Алайда тамыздағы деңгейімен шамалас, сондай-ақ бірінші жартыжылдықтағы орташа мәннен 88%-ға жоғары.

Зейнетақы жинағынан алынған 37,1 млрд теңгенің 37%-ы тұрғын үй сатып алуға жұмсалған.

Ал емделуге алынған қаражат көлемі 11 млрд теңгені құрады. Бұл қаңтар-маусым деңгейінен 15%-ға жоғары. Бірақ шілде айына қарағанда 2,3 есе төмен.

Айта өтсек, 2021 жылдан бері БЖЗҚ салымшылары жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға және білім алу мен емделуге пайдалана алады.

Осы жылғы шілдеде қазақстандықтардың зейнетақы қорынан қаражат алуы жиілеген еді. Бұған жинақтағы ақшаны ерте шешіп алу мүмкіндігін тоқтату туралы мәселенің талқылануы себеп болуы мүмкін. Аталған айда 62 мың адам қордан жалпы құны 72,1 млрд теңге шешіп алған. Бұл маусым айымен салыстырғанда 64 пайызға көп болды.

Ресми мәліметке сүйенсек, ел тұрғындары жарты жыл ішінде БЖЗҚ-дан 200 млрд теңгеге жуық ақша алды. Қаражаттың шамамен 60%-ы тұрғын үй үшін алынған. Былтырғы I-ші тоқсанмен салыстырғанда қаражат алудың жалпы сомасы 2,6 есе, өтініштер саны 3,7 есе өсті.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Зейнетақы қоры Қазақстандықтар Қыркүйек
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
Қаржы

Үшжылдық бюджет: БҚО-да қай салаларға қаражат бөлінді?

15/01/2026
жаңалық

БҚО тұрғындарды бір жылда зейнетақы қорынан 70 млрд теңге төлем алды

08/01/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.