Техас штатының Керр округінде толассыз жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, қаланы су басты, деп хабарлады CNN. АҚШ-та Тәуелсіздік күні болған су апаты кесірінен 41 адамға іздеу салынып, 82 адам көз жұмғаны белгілі.
Нөсер жауын көлемі бір шаршы метрде 300 литрге жеткен, бұл Керр округіндегі орташа жылдық жауын-шашынның үштен бірін құрайды.
Бұған дейін, 6 шілде күні, кемінде 68 адамның, оның ішінде 28 баланың қаза тапқаны хабарланған еді. Қазір округ жанында орналасқан Camp Mystic христиан жазғы лагерінде болған он қыз бала мен бір тәрбиешіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Апат кезінде лагерьде болған 750-ге жуық адам сәтті эвакуацияланған.
Ақ үй басшысы Техас штатында төтенше жағдай жариялап, апатқа жауапты метеорологтарды жұмысынан босатты.
Құтқарушылар әлі де өзен жағалаулары мен үйінділерді тексеріп, із-түзсіз кеткендерді іздестіріп жатыр.
фото: cnn.com

