Сот Қасымбаевты адам ұрлау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және қорқыту баптары бойынша кінәлі деп танып, оған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
2024 жылы Алматы облысының Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Бірнеше айдан кейін Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
2025 жылдың маусым айынла Шерзаттың ісі бойынша сот үкімі шығып, тоғыз адам бас бостандығынан айырылды.
Бас айыпталушы Абзал Шынасыл ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру), 293-бабы (Бұзақылық) және 24-бабы (Қылмысқа дайындалу) бойынша кінәлі деп танылып, 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шілде айында Шерзат Полаттың ісі бойынша айыпталғандардың бірі – 16 жастағы Думан Ысқақ бостандыққа шықты.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

