Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Шерзат Болат ісі бойынша айыпталғандардың бірі бостандыққа шықты
Дария Ғұмар жаңалық 25/07/2025

Шерзат Болат ісі бойынша айыпталғандардың бірі бостандыққа шықты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Шерзат Болаттың ісі бойынша айыпталғандардың бірі – 16 жастағы Думан Ысқақ бостандыққа шықты. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев Instagram парақшасында хабарлады.

Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің 433-бабы (Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) бойынша 1 жыл 6 айға сотталды.

Қайғылы оқиға күні ол көршісі Нұрбол Тоқтаубаевтың көлігінде болған. Сотта Думан Ысқақ атыстың мән-жайынан толық хабардар емес екенін мәлімдеді. Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымбаев сот кезінде оған кешірім берді.

Адвокаттың айтуынша, 23 шілдеде Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы айыпталушыны босату туралы шешім шығарған.

Думан Ысқақ тергеу абақтысында 6 ай отырды. Заңнамаға сәйкес, тергеу изоляторының алты айы түрмедегі бір жылмен парапар. Сәйкесінше ол соттың бірінші инстанциясы тағайындаған 1 жыл 6 ай мерзімді толығымен өтеп шықты.

Естеріңізге салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат қайтыс болды. Оқиғадан кейін екі күн өткен соң марқұмның әкесі, туыстары мен қала тұрғындары ереуілге шығып, әділ тергеу талап етті.

2025 жылғы 5 маусымда бұл іс бойынша сот үкімі шығып, 9 адам бас бостандығынан айырылды. Бас айыпталушы Абзал Шынасыл ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру), 293-бабы (Бұзақылық) және 24-бабы (Қылмысқа дайындалу) бойынша кінәлі деп танылып, 23 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шерзат Болат ісі бойынша аппеляциялық сот отырысы 18 тамызға тағайындалған.

фото: Сот отырысынан үзінді

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Думан Ысқақ Қаржаубай Нұрымов Сот отырысы Талғар ауданы Шерзат Болат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.