Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Пятница, 11 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Тимур Құлыбаев мемлекетке 1 миллиард доллар төлемек- Bloomberg
Наргиза Ерес жаңалық 06/02/2025

Тимур Құлыбаев мемлекетке 1 миллиард доллар төлемек- Bloomberg

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстандағы миллиардердің бірі Тимур Құлыбаев елдің алғашқы президенті тұсында жинаған байлығына қатысты үкіметтік тергеу аясында мемлекетке шамамен 1 миллиард доллар төлеу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды. 

Агенттіктің хабарлауынша, егер келісім сәтті аяқталса, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев төлемдер мен инвестициялар комбинациясын жасайды. Яғни төлемнің бір бөлігін ақшалай, бір бөлігін инвестиция түрінде жасайды. 

Сондай-ақ «бұл төлем оның кінәсін мойындау дегенді білдірмейді»,- деді дереккөз.

Bloomberg агенттігінің жазуынша, Тимур Құлыбаевтың өкілі бұл мәселенің мемлекеттік істерге қатысты екенін айтып, тікелей пікір білдіруден бас тартқан. Дегенмен, ол «кез келген төлемді активтерді қайтару деп атау дұрыс емес» екенін атап өтті.

Сондай-ақ, миллиардердің өкілі Құлыбаевтың жылдар бойы елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосқанын және осы бағытта үкіметпен ынтымақтастықты жалғастырып отырғанын жеткізді.

Былтыр қарашада Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетін сотқа берді деген ақпарат тараған еді.

Бас прокуратура 2024 жылдың маусым айында Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаев құны 66 млн доллар құрайтын мұнай терминалын мемлекет меншігіне қайтарғанын хабарлады.

Құлыбаевтар отбасы – ең бай әулет.  Ол Орта Азиядағы ең бай адамдардың бірі. Тимур Құлыбаевтың әйелі – Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева. Forbes басылымының жазуынша, оллардың байлығы 5 млрд долларға бағаланып отыр.  

 

Cурет: Ашық дереккөздерден

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025
жаңалық

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

10/07/2025
жаңалық

Астаналық университет атауынан Назарбаевтың есімі алынып тасталуы мүмкін

09/07/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

sarapshy.info 11/07/2025

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

Әлем жаңалықтары 11/07/2025

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

жаңалық 10/07/2025

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

Сарапшы пікірі 10/07/2025

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

жаңалық 10/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

11/07/2025

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

11/07/2025

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.