Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Пятница, 11 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Астана – Бурабай бағыты бойынша туристік пойыз іске қосылды
Наргиза Ерес sarapshy.info 14/12/2024

Астана – Бурабай бағыты бойынша туристік пойыз іске қосылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Астана-Бурабай курорты» бағыты бойынша жаңа туристік электр пойызы іске қосылды. Электр пойыз артықшылығы жолаушылар Астанадан Бурабайға аралық аялдамасыз 2 сағат 26 минутта жете алады. Ұлттық тасымалдаушының хабарлауынша, электр пойыз сейсенбі мен сәрсенбіден басқа күндері күн сайын қатынайды.

Пойыз отандық өндірісте жасалған 6 заманауи вагоннан тұрады. 574 жолаушыға арналған,  орындықтар «Комфорт Плюс» еуропалық стандартына сай. Билет құны «Нұрлы Жол» станциясынан – 2770 теңге, «Астана» станциясынан – 2548 теңге деп көрсетілген.

«Жолаушылардың жайлылығы үшін пойызда микроклимат жүйесі, жылдам қуаттау үшін USB-розеткалар, ойын-сауық контентіне қолжетімді Wi-Fi желісі және велосипедтерге арналған бекіткіштер орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы көтергіштер мен арбаға арналған орындар қарастырылған. Туристік пойыздың дизайны Астананың көрікті жерлері мен Бурабайдың әсем табиғатын бейнелейді. Жобаны жүзеге асыруға «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Көлік министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Астана мен Ақмола облысы әкімдіктері, сондай-ақ, «Visit Aqmola» мен «Астана даму орталығы» ЖШС бірлесе жұмыс істеді» — делінген хабарламада.

2024 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай бірнеше жаңа бағыттар мен қосымша пойыздарды, сондай-ақ электр пойыздарды да іске қосқанын хабарлаған еді.

Желтоқсан айындағы мерекелерді ескере отырып, тасымалдаушы компания жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жалпы саны 43 мыңнан астам қосымша орын ұсынды.

Қосымша пойыздар:

  • №201/202 «Астана – Алматы» пойызы: әр рейсте шамамен 800 орын бар. Жоспарланған 8 рейс нәтижесінде жалпы 6,400 орын ұсынылады.
  • №203/204 «Астана – Шымкент» пойызы: әр рейсте шамамен 800 орынмен 7 рейс арқылы 5,600 орын қамтамасыз етіледі.
  • №205/206 «Ақтөбе – Астана» пойызы: әрқайсысында 800 орыннан 8 рейс өткізіліп, 6,400 орын беріледі.

Қосымша электр пойыздары:

  • №7553/6811–6812/7556 «Қарағанды – Астана – Бурабай курорты» электр пойызы: әр сапарда 600 орынмен 12 рейс арқылы 7,200 орын бар. Жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.
  • №7509/6805–6806/7510 «Павлодар – Астана – Бурабай курорты» электр пойызы: әр рейсте 600 орыннан 12 сапар нәтижесінде 7,200 орын беріледі. Аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күндері жолға шығады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша пойыздардың барлығында купе және плацкарт вагондары бар.

Cурет: «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Нұрлы Жол» станциясы Астана – Бурабай курорты купе Қазақстан темір жолы Қосымша пойыздар плацкарт Ұлттық компания Электр пойыздары
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

11/07/2025
жаңалық

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025
жаңалық

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

10/07/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

sarapshy.info 11/07/2025

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

Әлем жаңалықтары 11/07/2025

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

жаңалық 10/07/2025

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

Сарапшы пікірі 10/07/2025

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

жаңалық 10/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

11/07/2025

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

11/07/2025

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.