Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Румыния «ҚазМұнайГазға» салынатын салық көлемін ұлғайтады
Наргиза Ерес sarapshy.info 28/11/2024

Румыния «ҚазМұнайГазға» салынатын салық көлемін ұлғайтады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«ҚазМұнайГаз» компаниясының Румыниядағы жергілікті серіктесі Rompetrol Rafinare кәсіпорнының айналым салығы артуы мүмкін. «Бұл жаңалықты «ҚазМұнайГаздың» Нидерландыда тіркелген еншілес компаниясы KMG International растады», – деп жазды inbusiness сайты.

Румыния билігі айналым салығын көбейту туралы заң жобасын дайындап жатыр. Rompetrol Rafinare мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін сатумен айналысады. Жаңа заң жобасы қабылданса, компанияға төленетін салық көлемі айтарлықтай артуы мүмкін. Бұл өз кезегінде «ҚазМұнайГаздың» Румыниядағы қызметіне әсер етеді деген  болжам бар.

Rompetrol Rafinare компаниясында «ҚазМұнайГаз» 54,6% акцияға иелік етсе, қалған 44,7% акция Румыния үкіметіне тиесілі.

Заң не туралы?

Жақында Румыния парламенті мұнай және газ секторындағы барлық компанияларға, айналым көлеміне қарамастан, 0,5% айналым салығын енгізу туралы заң қабылдады. «Бұрын бұл салық тек жылдық айналымы 50 миллион еуродан асатын компанияларға ғана салынатын. Енді жаңа заңға сәйкес, Rompetrol Rafinare сияқты компаниялар 1% айналым салығымен қатар, қосымша 0,5% салық төлеуге міндетті болады, яғни жалпы 1,5% айналым салығын төлеуі тиіс», – деп жазды Румынияның жергілікті ақпарат құралдары.

Rompetrol – Румыния бюджетінің ірі салық төлеушісі

Rompetrol Rafinare Румынияның бюджетіне айтарлықтай үлес қосып келеді. 2024 жылдың үшінші тоқсанында компания 456 миллион доллар көлемінде салық төлеген. Ал жыл басынан бері Румыния қазынасына 1,12 миллиард доллар қаржы аударды. Оның ішінде 30,3 миллион доллар – 2023 жылға арналған ынтымақ салығы, ал 6,1 миллион доллар – 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы айналым салығы ретінде төленген.

«Rompetrol компаниясының 17 жыл бойы «ҚазМұнайГаз» құрамында болғанына қарамастан, компания сирек жағдайда ғана таза пайда әкелген. Оның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстан мұнайының еуропалық нарыққа шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету», – деп жазды Inbusiness сайты.

Осыған дейін Жоғары аудиторлық палата «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен «Бәйтерек» холдингіне аудит жүргізіп жатқанын жазған едік.

Сурет: kmg.kz

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«ҚазМұнайГаз» компаниясы Rompetrol Rafinare акция Қазақстан мұнайы Румыния салық
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.