Орал қаласының соты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұратбек Ташенбаевқа, бас маман Нұрсұлтан Ғатауға және «Алиханстройпроект» ЖШС директорының орынбасары Асылжан Көпбаевқа қатысты үкім шығарды.
Анитордың мәліметінше, Тәшенбаев аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салу бойынша эскиздік жобаларды келісіп, жер учаскесін заңсыз бергені үшін 1,5 млн теңге пара алғаны дәлелденген.
Ғатау жер учаскесін іріктеу актісін келіскені үшін 500 мың теңге пара алып, жер учаскесін заңсыз кеңейту бойынша құжаттарды енгізгені үшін кінәлі деп танылды.
Сот шешімімен Тәшенбаев 7 жылға, Ғатау 3,5 жылға, ал пара беруші Көпбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Барлығына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сурет: Видеодан скрин