Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 15 қыркүйек
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Оқиға»Құлсары қаласында жаңадан салынып жатқан жайлы мектептің шатыры опырылып түсті
Гүлмира Сарсенғали Оқиға 10/09/2025

Құлсары қаласында жаңадан салынып жатқан жайлы мектептің шатыры опырылып түсті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Құлсары қаласындағы Атырау шағынауданында салынып жатқан мектеп шатырының бір бөлігі опырылып қалды. Қазір апат себебі мен зақым көлемі анықталып жатыр.

Жергілікті «Ақ Жайық» порталы нысан ұлттық «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеріп жатқанын және 1 200 орынға есептелгенін жазды.

– Құрылыс аяқталғанға дейін бағдарламаның жауапты әкімшісі – Атырау облысының құрылыс басқармасы, — деп мәлімдеген білім басқармасы.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Кұлсарыдағы осы жағдайға қатысты ресми жауап берді.

– Бұл нысанды «Turan Ascent» ЖШС ұлттық «Келешек мектептері» жобасы аясында салып жатыр. Мектепті 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Алдын ала деректер бойынша, шатырдың опырылуына құрылыс материалдарын сақтау және жинақтау талаптарының бұзылуы себеп болған. Атап айтқанда, спорт залдың төбесінің шектеулі бөлігіне алты тоннадан асатын ауыр жабын материалдары қойылған, соның салдарынан құрылымдық элементтерде жергілікті зақымдану орын алған. Жағдайды егжей-тегжейлі зерттеу үшін тапсырыс беруші тарапынан басшылықтың, техникалық және авторлық қадағалаудың қатысуымен комиссия құрылды. Сонымен қатар көтергіш конструкциялардың беріктігін және жобалық шешімдерге сәйкестігін тексеру үшін арнайы техникалық сараптама ұйымы тартылды, — делінген мәлімдемеде.

Белгілі болғаны, қорытынды шешім сараптама нәтижесі бойынша қабылданады. Барлық анықталған кемшіліктерді мердігер компания толықтай жоюға міндетті.

– «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Келешек мектептері» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында сапа мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды басты қағида ретінде ұстанады, —  делінді ресми хабарламада.

Еске салсақ, БҚО-да осы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 4 200 орынға үш мектеп пайдалануға берілгенін жазған едік. БҚО білім басқармасының дерегінше, жыл соңына дейін тағы да 3 300 орынға есептелген Бөрлі ауданында – үш, Орал қаласында – бір, Бәйтерек ауданында – бір, барлығы бес «Келешек мектебі» пайдалануға беріледі.

Фото/скриншот: azh.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Turan Ascent» ЖШС «Келешек мектептері» ұлттық жобасы 2025 Атырау шағынауданы Батыс ҚР Құлсары қаласы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

Қазақстанда бір жылда жол апатынан 2500 адам қаза тапты

19/03/2026
жаңалық

Былтыр Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді

16/03/2026

Жаңа мақалалар

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

жаңалық 12/09/2026

Украиналық әскери НАТО оқу-жаттығуында адамдарды өлтірген жоқ — Euronews фейкті әшкереледі

Фактчекинг 11/09/2026

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

Біздің сараптама 09/09/2026
Сайт мұрағаты
Қыркүйек 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

14/09/2026

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.