Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Воскресенье, 13 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Бразилияда мамандар Embraer 190 қара жәшігіндегі жазбаларды оқуға кірісті
Нұртай Текебаев жаңалық 04/01/2025

Бразилияда мамандар Embraer 190 қара жәшігіндегі жазбаларды оқуға кірісті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласының маңында құлаған Embraer 190 ұшағындағы жазбаларды Бразилияның әскери-әуе күштері «Әуе апатын зерттеу орталығының» (Cenipa) мамандары оқуға кірісті. Мәліметтерді жинақтауға Әзербайжан, Қазақстан, Ресейден үш тергеуші қатысады.

Euronews жазуынша, Бразилияның әскери-әуе күштері жуық арада борттағы жазбаларды толық қағазға түсіретінін хабарлаған. Одан кейін есеп қорытындысы Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының конвенциясына сай трагедия болған жерде тергеу тобын басқаратын тарап – Қазақстандағы мемлекеттік комиссияға беріледі.

Былтыр желтоқсан айында Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Azerbaijan Airlines компаниясының ұшағы құлады. Соның салдарынан 38 адам опат болды. 29 адам тірі қалды. Олар Маңғыстау облыстық емханада емделді. Бортта болған алты қазақстандық тірі қалған жоқ. Жаңа жылға дейін Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан ұшақтарын жіберіп, ауруханада емделген азаматтарын алып кетті.

Embraer 190 әуе кемесінің құлау себебі туралы алғашқы болжамды нұсқаны билік құстардың ұшаққа соғылуы мен борттағы оттегі баллонының жарылуымен байланыстырды. Одан кейін халықаралық агенттіктер Шешенстан астанасы – Грозный қаласының әуе кеңістігінде жолаушылар ұшағы ресейлік зымыранның соққысына ұшырағаны туралы ақпараттар жариялай бастады.

Бірнеше күннен кейін «Росавиация» 25 желтоқсан күні Ресей әуе кеңістігінде Украина дрондары шабуылдағанын хабарлады. Сол күні Бакуден Грозный қаласына беттеген ұшақ Шешенстан астанасына қона алмады. Ростовтағы диспетчер экипажға әуе кеңістігінен шығып кетуді бұйырған.

Содан Embraer 190 Капий теңізіне қарай ұшып, Ақтау маңына құлады. Ұшақтың басқару жүйесі істен шыққан соң ұшқыштар жанармайдың әбден таусылғанын күтіп, жерге қонуға шешім қабылдады.

Әзербайжан тарапы апатқа ұшырағандарға қолұшын созған Қазақстан азаматтарына алғыс айтып, оқиғаның мән-жайын айтпай отырған Ресей билігін айыптады. Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке РФ басшысы Владимир Путинн телефон шалып, Ресей аумағында болған жайт үшін кешірім сұраған.

Одан кейін Ильхам Әлиев өзінің мемлекеттік телеарнасында өткір мәлімдемелер жариялады. Әлиев Ресей тарапы ақылға қонымсыз болжамдарды алға тартқанын, жылдар бойы тығыз қарым-қатынас жасап отырған елдің билігінен көңілі қалғанын ашық айтты. Президент бұл оқиғаны қастандық деп ойламайтынын, бірақ ұшаққа Ресей қорғаныс жүйесі соққы бергені туралы деректер қолда бар екенін мәлімдеді. Әлиев Ресейден болған жайтты нақты мойындауды талап етті.

Қазақстандағы ұшақ апатына байланысты тергеу жұмысын жүргізіп жатқан Үкімет комиссиясын басқаратын Бозымбаев криминалистикалық тергеуге Ресей мен Әзербайжан тараптары қатыспайтынын, бірақ тергеу жұмысына араласа алатынын хабарлады. Елдегі саясаткерлер мен депутаттар Әзербайжан тарапы секілді ашық мәлімдеме жасай қойған жоқ. Керісінше салқынқандылық танытып, тергеу қорытындысын күтуге шақырып отыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевке тергеуді әділ жүргізуге уәде берді.

Кейбір азаматтар тергеу жұмысына Ресей ықпал етуі мүмкін деген өз күдік-болжамын айтуда. Осыған байланысты Ресейдің Ішкі істер министрлігі өз елінің шенеуніктері Қазақстан мен Әзербайжандағы лауазымды тұлғалармен терегу мәселесі жөнінде сөйлесіп жатқан жоқ деген ақпарат таратты.

Қазіргі уақытта ұшақ апатын зерделеуге 17 халықаралық сарапшы тартылған. Қазақстандағы мемлекеттік комиссия оқиға болған жерде 4 мың шаршы метр аумақ қарауылға алынып, крминиластикалық зерттеу бойынша материалдар жинақталып жатқанын айтты. Бүгін арнайы техника апатқа ұшыраған ұшақ қаңқасын алып кеткені туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Ақтау Бразилия Қазақстан Ұшақ апаты
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

12/07/2025
жаңалық

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025
Сарапшы пікірі

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

10/07/2025

Жаңа мақалалар

Қызылордада ағаш өңдеу зауыты өртенді

Оқиға 12/07/2025

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

Қаржы 12/07/2025

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

жаңалық 12/07/2025

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

sarapshy.info 11/07/2025

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

Әлем жаңалықтары 11/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада ағаш өңдеу зауыты өртенді

12/07/2025

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

12/07/2025

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

12/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.