Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Дүйсенбі, 19 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экология»Киіктің көбеюі Үкіметті тығырыққа тіреді
Нұрлыбек Рахманов Экология 12/05/2023

Киіктің көбеюі Үкіметті тығырыққа тіреді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысында киік мәселесі өте өзекті. Себебі шаруа қожалықтары ақбөкендердің көбеюі жайылым мен шабындықты таптап, мал шаруашылығына орасан зиян деп есептейді. Айта кетейік, әлем бойынша сайғақтардың 90 пайызы Қазақстанда мекендейді. Оның ішінде көп бөлігі Батыс Қазақстан облысында шоғырланған.

Киіктің негізгі ареалы – Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандары мен Ресейдің шекаралас облыстары. Жазғытұрым көрші елге ақбөкен «жасыл дәліз» арқылы өткенімен, негізінен еліміздің батысындағы жусанды, шөлейтті аймақта жайылғанды ұнатады. Ресми санақ бойынша былтыр ақбөкендер саны 1,2 миллионға жеткен.

Дереккөз: БҚО әкімдігі

2003 жылы 20 мыңдай ғана сайғақ есепке алынған. Кейін мемлекет қамқорлығының арқасында 20 жыл ішінде киік жедел көбейді. 2023 жылға дейін Қазақстанда ақбөкенді атуға мораторий жарияланды. Дейтұрғанмен броконьерлік те өрши түсіп, киікті ату, оның мүйізін олжалау тыйылмай келеді. «Охотзоопром» «ӨБ» РМҚК және құқық қорғау органдары броконьерлікті түбегейлі ауыздақтауға тырысуда. Былтыр облыс әкімдігі соңғы бес жылда 8 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленгенін хабарлады.

Орал популяциясының мұншалықты емін-еркін молаюы жергілікті шаруаларға да ұнаған жоқ. Олар билік өкілдеріне киік санын реттеу мәселесін жедел түрде шешуді талап етіп жүр. Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылында тұратын Жақсылық Қаратаев ақбөкендер санын азайтқан дұрыс деп санайды.

– Ақбөкендердің көбейгеніне қарсы емеспіз, бірақ шаруашылығыма орасан зиянын тигізіп жатқанын жасырмаймын. Қазіргі уақытта ауылдан 10-15 шақырым жерде киіктер төлдеп жатыр. Дәл осы жерде менің жер телімім орналасқан. Жыл сайын мыңдаған киік жазық дала төсін шиырлап тастайды. Құнарлы алқапты тұяғымен отап жатыр. Қысқы мал азығын толық жинап алуға кеселін тигізуде. Үкімет жанайқайымызға құлақ асып, түйткілдің шешімін табуға көмектессе дейміз, – дейді шаруа.

Дереккөз: БҚО әкімдігі

Айтса айтқандай, жергілікті тұрғындар дабыл қаққанымен, ел Үкіметі «жеті рет өлшеп, бір рет кестің» қағидасын қатаң ұстанып, түйткілді асықпай шешуге кірісті. Киікті атуға мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды. Кейінгі жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Батыс Қазақстан облысына келіп, қоғам белсенділерімен, экосақшылармен, тұрғындармен бірнеше мәрте кездескенімен, нақты бір тоқтамға келе алмады. Аталған ведомствоның бұрынғы басшысы Серікқали Брекешевтің елдегі киіктің 10 пайызын ату арқылы азайту туралы ұсынысы былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына ұшырап, министрлік жанындағы жұмыс тобы бұл мәселені тағы да қоғам талқысына салды. Жергілікті экобелсенділер киікке қатысты мәселені байыппен шешу керек дейді.

Нұрлыбек Рахманов, журналист, экосақшы:

– Биыл «Киік экологиясы» деген жоба бастап жатырмыз. Мақсатымыз – киік проблемасын жан-жақты сараптап, қоғам мен билікке шынайы ақпарат ұсыну. Жоба аясында киік мәселесін зерттеуге кірісіп кеттік. Ақбөкендерге қатысты барлық тараптың көзқарасын анықтап, бірақ олардың ешқайсының лоббиінсіз, манипуляциясыз шешу жолын ұсынғымыз келеді. Жан-жақты сарапталған жобада ұсынылған шешімдер Қазақстанда қалған уникалды жануардың жойылып кетпеуіне алғышарт жасайды. Жоба нәтижесі бірнеше жылдан бері киікке қатысты шешім іздеп жатқан Үкіметке кешенді анализ болады деп сенеміз.

Кейбір батысқазақстандық ғалымдар ақбөкеннің бегілі бір бөлігін аулау, оның дериваттарын сақтауға көңіл бөлу керек екенін айтады. Киік мүйізін заңды жолмен нарыққа шығаруды, жергілікті кәсіпорын желісін арқылы етін өңдеуді ұсынып отыр. Айта кетейік, Үкімет ақбөкенді сақтау үшін бірқатар қадамды жасады. 2022 жылы Жаңақала, Казталов, Бөкей Орда және Жәнібек аудандарының аумағында жалпы аумағы 657 мың гектар «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты және «Ащыөзек» мемлекеттік қаумалы  ашылды.

Облыс әкімінің кеңесшісі, киік мәселесін қаузап жүрген белсендінің бірі Табылғали Сапаров резерват ашу мәселені түпкілікті шешпейді деп есептейді. «Жыл бойы үздіксіз көшіп жүретін киікті бір жерге топтастыру мүмкін емес. Оларға бұрынғы ареалынан су көзін табу мәселесін табанды түрде шешу керек. Киіктің қазіргі өсу қарқынын ескерсек, құралай маусымынан кейін 2 миллион бастан асатыны анық. Бұдан киік төңірегіндегі дау өрши түспесе, толастай қоймайтыны анық» дейді Т. Сапаров.

Нұртай Текебаев

фото авторы: Н.Рахманов

Бұл мақала АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды.

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Internews USAID БҚО киік саны Киік Нұртай Текебаев
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

13/04/2025
Өте өзекті

Атырауда шипалы Тұздыкөл мүлдем құрып кетуі мүмкін…

14/02/2025
Біздің сараптама

Орал полигоны 95%-ға толды. Енді қоқысты қайда жібереді?

13/02/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.