Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында браконьерлікпен айналысқан төрт адам ұсталды. Бұл туралы табиғат қорғау полициясы мен аудандық полиция бөлімі хабарлады.
Шағатай ауылдық округінің орман алқабын патрульдеу кезінде тоқтатылған Toyota Avensis автокөлігінен аңшы мылтығы тәркіленді. Сондай-ақ көліктің жүк салғышынан төрт еліктің денесі табылған.
Облыста 1 желтоқсанда басталған «Киік» акциясы барысында 10 күн ішінде браконьерлікке қатысты 24 дерек тіркелді.
фото: polisia.kz
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

