Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 20 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Каспий теңізінен кит табылғаны рас па? Бірге тексерейік
Наргиза Ерес sarapshy.info 13/11/2024

Каспий теңізінен кит табылғаны рас па? Бірге тексерейік

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде «Каспий теңізінен кит табылды», — деген тақырыппен түрлі ақпарат тарап жатыр. Соның бірі «Каспий теңізіннен 30 тонналық кит жағаға шығып қалды» — деген видео материал Aktau Live инстаграм парақшасына жарияланған. Ақпаратты бірге тексеріп көрейік. 

Негізі бұл видео материалда ақпаратты бұрмалау бар. Яғни, видео бір ракурстан ғана түсірілген. Сол себепті оқиғаның қайда болып жатқанын анықтау оқырманға қиын. Оған қоса, видео Ақтаудағы парақшаның біріне салынған және тақырыпқа Каспий теңізі деп жазылған. Бұл оқиғаның шынымен Қазақстанға қатысы бар ма?

Негізі мән-жай мынадай:

Видеоның Каспий теңізі жағалауында түсірілгені рас. Алайда Әзірбайжанның Баку қаласындағы Каспий теңізі маңында болған. Бір қызығы, бұл шынайы кит емес, Бельгияның Captain Boomer ұжымы климаттың өзгеруіне және теңізді қорғау мәселелеріне назар аударту мақсатында және климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында дайындаған жобасы (макеті). Мұндай тәжірибелер осыған дейін бірнеше елде жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, Бакуде БҰҰ-ның климат өзгеруі жөніндегі 29-конференциясы басталды. 11 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев климат саммитіне қатыcуға барды. 

Видеоның Әзірбайжанда түсірілгенін қалай анықтауға болады? 

Жағада жатқан алып киттің видеосы YouTube арналарда да жарияланды. Мына бір видео материалда нақты кадрларды байқауға болады. YouTube Data Viewer-ге сілтемені жүктеу арқылы видеоның жарияланғанын күнін және жүктелген геолокацияны көре аламыз.

    Видео 2024 жылы 11 қарашада жүктелген

 

Екінші суретте видеоның Бакудан жүктелгенін көруге болады

Сондай-ақ, YouTube Data Viewer  сізге видео материалда кездесетін бірнеше кадрларды ұсынады. 

Жоғарыдағы суреттен «Изучите это IMG в Google Lens» батырмасын бассаңыз, фонда тұрған ғимараттардың қай елде орналасқанын және атауын білуге болады.

Бұл — Бакудегі теңіз жағалауы бульвары. Әзірбайжан астанасындағы көрікті жерлердің бірі. 

Контекст:

Каспий суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Оның Қазақстанға тиесілі бөлігі — 29% (2340 км), Ресейге — 9%, Әзірбайжанға — 20%, Түрікменстанға — 21%, Иран Ислам Республикасы — 14%.

Қорытындылай келе, алып киттің макеті Қазақстанда емес, Әзірбайжандағы Каспий теңізі маңында жасалды

           Сурет: YouTube Data Viewer

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Әзірбайжан Баку Каспий кит
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Фактчекинг

«Иран тікұшағы ма әлде сурет пе?» Желідегі бейнежазба қаншалықты рас?

06/03/2026
Фактчекинг

eGov арқылы өтініш бергеннің бәріне әлеуметтік көмек берілмейді – министрлік

20/02/2026
Саясат

Каспий мәселесін халықаралық деңгейде қалай шешу керек?

03/01/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.