Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуыл: АҚШ Украинаға демарш жасады
Дария Ғұмар жаңалық 25/02/2026

Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуыл: АҚШ Украинаға демарш жасады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

АҚШ Қазақстан мұнайын тасымалдайтын Каспий құбыр консорциумы инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты Украинаға наразылық білдірді. Бұл туралы Украина елшісі Ольга Стефанишина мәлімдеді.

Елшінің айтуынша, Новороссийскідегі нысандарға шабуыл Қазақстан арқылы жүзеге асатын америкалық инвестицияларға әсер еткен.

Демарш Ресейдің әскери және энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасауға толық тыйым салмайды, деп атап өтті Стефанишина. Ескерту АҚШ-тың экономикалық мүддесіне зиян келтіретін объектілерге қатысты берілген.

2025 жылдың ақпан, қыркүйек және қараша айларында Каспий құбыр консорциумына шабуыл жасалды. Шабуыл кезінде айлақшаларға зақым келіп, мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 6%-ға азайды.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Сыртқы істер министрлігі КҚК-ға жасалған шабуылға байланысты наразылық танытып, аталған оқиғаның алдын алу үшін нақты шаралар қабылдауды талап етті. Жауап ретінде Украина тарапы КҚК-ға қатысты алаңдаушылығын ескеретінін, алайда бұл әрекет Қазақстанға қарсы бағытталмағанын айтты.

Айта кетейік, жыл басында депутат Айдос Сарым Бас прокуратура мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүгініп, әлеуметтік желілерде КҚК-ға жасалған шабуылды ашық қолдаған пікірлерге қатысты шағым білдірді. Тексеріс нәтижесінде қазақстандықтардың жазбаларынан құқық бұзушылық байқалмады.

фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2026 АҚШ Каспий құбыр консорциумы Украина
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.