Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 1 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елімізде патологоанатом дәрігерлердің тапшылығы бар
Нұрлыбек Рахманов sarapshy.info 07/10/2023

Елімізде патологоанатом дәрігерлердің тапшылығы бар

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

сурет: ritual-rus.ru

Sarapshy.info ақпарат агенттігіне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті елімізде патологоанатомиялық дәрігерлердің орташа тапшылығы 36% екенін хабарлады. Кадр тапшылығы Астана қаласында, Абай, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Мысалы Ұлытау облысында штаттық кестеге сәйкес 1 дәрігер-патологоанатом жұмыс істейді.

Бүгінде Астана, Алматы қалаларының, Семей және облыстардың денсаулық сақтау басқармаларына қарасты 220 патологоанатом дәрігер жұмыс істейді. Бұл есепке республикалық ғылыми-клиникалық орталықтар мен медициналық білім беру ұйымдарының кадрларын есептеп отырған жоқпыз.

Денсаулық сақтау министрлігінің бізге берген мәліметінше, қазір патологиялық анатомия саласында «мәйітхана» ұғымы қолданылмайды екен. Патологиялық диагностикамен айналысатын денсаулық сақтау ұйымдары – патологиялық бюро немесе патологиялық бөлім. Мәйітхана (прозектура) және гистологиялық, гистохимиялық, цитологиялық зерттеу зертханалары ПАБ құрамында болады.

ПАБ деп отырғанымыз – патологиялық-анатомиялық бюро. Елімізде патологиялық-анатомиялық қызметтер көрсететін 11 ПАБ бар. Оның ішінде облыстық деңгейдегі 8 ПАБ – Атырау, Ақтөбе, ШҚО, Тараз, БҚО, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарында. Ал Астана, Алматы мен Семейде қалалық деңгейдегі ПАБ. Петропавл мен Ақтауда орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше жұмыс жасауда.

Қалалық денсаулық сақтау ұйымдарында – 50 ПАБ, аудандық ауруханалар базасында 26 ПАБ және республикалық ғылыми орталықтар базасында 11 ПАБ орналасқан. Жалпы патологиялық зерттеулермен айналысатын мұндай 100 мекеме 614 денсаулық сақтау ұйымына қызмет көрсетеді.

Бұл патологиялық-анатомиялық бюролардағы істердің 90% адамның тірі кезінде аурулардың диагностикасы. Бұл – клиникада операция немесе биопсия арқылы алынған материалдарды гистологиялық (гистохимиялық) зерттеу және жағындылар мен дене сұйықтықтарын цитологиялық зерттеу. ПАБ жұмыстарының тек 10%-ы өлімнің себебін анықтау үшін мәйіттерді ашу ісі екен. Ал сот-медициналық сараптама қызметі Әділет министрлігінің құзырында.

БҚО-да бір патологиялық-анатомиялық бюро бар, онда алты патологоанатом дәрігер жұмыс жасайды.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының бізге берген мәліметінше, облыста биыл жаңа патологиялық-анатомиялық бюроның құрылысы жоспарлануда. Себебі патологиялық-анатомиялық қызметке қойылатын заманауи талаптарға сәйкес, жаңа мұздатқыш камераларды, экспресс диагностикасы, жабдық пен техникасы бар заманауи гистологиялық зертханаларды орнатуға мүмкіндік беретіндей кеңейтілген жаңа заманауи ғимаратты салуды қажет етеді. Сондай-ақ қазір Оралдағы ПАБ-қа жаңа жабдықтар да керек.

Нұрлыбек Рахманов,

БҚО

 

Біздің Instagram, Facebook парақшамызға, Telegram арнамызға жазылып, сараптама ақпарат оқыңыз.

 

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
БҚО денсаулық сақтау министрлігі мәйітхана Орал патологоанатом
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

30/06/2025
sarapshy.info

Қазақстанда үйленетін жұптар неке қию үшін көбіне тамыз айын таңдайды

28/06/2025
sarapshy.info

Берденов Respublica партиясының тең төрағасы қызметінен кетті

26/06/2025

Жаңа мақалалар

Баку Ресейге неге наразы?

Әлем жаңалықтары 30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

жаңалық 30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

sarapshy.info 30/06/2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметін тоқтатады

жаңалық 30/06/2025

Шымкенттегі «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС мемлекет меншігіне қайтарылады

жаңалық 30/06/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Баку Ресейге неге наразы?

30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

30/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.