Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 28 тамыз
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Цифрлы Қазақстан»: IT нарықта мамандарға сұраныс көбейеді
Айбар Олжай sarapshy.info 12/11/2024

«Цифрлы Қазақстан»: IT нарықта мамандарға сұраныс көбейеді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан 2024 жылы IT саласын қарқынды дамытқан әлемдегі озық елдер клубына енді. Біз әсіресе осы ауқымды сектордың цифрландыру бағытын ерекше өсіре алдық. Бүгіндері елімізде 16 мыңнан астам IT-компания жұмыс істейді, ал IT саласында 180 мыңнан астам маман қызмет атқарады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2026 жылы IT қызмет экспортының көлемін 1 миллиард долларға жеткізу бойынша нақты міндет жүктеді. Қазір IT біздің жалпы ішкі өніміміздің 4,3%-ын құрап отыр. Аз емес, бірақ әлі де өсу потенциалы жоғары. Бұл нарық әлі кемеліне жетпеген. Кейінгі жылдары IT мамандарының саны 273%-ға артты. Бірақ кемінде 150 мың IT маман жетіспейді деп айтар едім. Біздің оқу орындары орта есеппен жылына 50 мың IT-шы дайындайды. Алайда ЖОО-дан кейін олардың біліктілік деңгейін қажетті межеге көтеру үшін тағы кемінде 2-3 жыл қажет.

Цифрландыру бойынша кешенді шараларды енгізудің арқасында 2023 жылы Қазақстан Электрондық үкіметті дамыту индексі бойынша әлемде 28-орынды және Онлайн қызметтер индексі бойынша 8-орынды иеленді. Естеріңізде болса, 7 жыл бұрын, 2017 жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған еді. Содан бері цифрландыру бағытына елеулі мемлекеттік және жеке инвестициялар құйылды. 2023 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Электронды үкіметті» дамытуға 93,4 миллиард теңге бөлді. Бұл – азаматтар мен бизнес үшін ыңғайлы әрі тиімді цифрлы қызметтерді құруға елеулі үлес.

Осының арқасында соңғы 5 жыл ішінде мемлекеттік қызметтердің цифрлық форматқа көшу деңгейі артты. Мысалы, eGov платформасы арқылы азаматтарға қолжетімді 700-ден астам мемлекеттік қызметтің 80%-ы онлайн түрде ұсынылады.

Электронды сауда

Тағы бір қарқынды дамыған сала – электронды коммерция. Соңғы он жылда елдегі бөлшек электронды сауданың көлемі 70 есе өсіп, жалпы бөлшек сауданың 12,5%-ын құрады. Бұл сату және клиенттермен өзара әрекеттесудің цифрлық арналарға қарқынды көшкенін айғақтайды. 2019 жылы электронды коммерцияның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 0,7%-ды құраса, 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 3%-ға жетті. Пандемия кезінде адамдардың онлайн саудаға көшуі бұл сектордың дамуын тездете түсті.

Айта кету керек, Kaspi.kz сияқты ірі платформа электронды коммерцияның дамуында үлкен рөл атқарды. Қазіргі таңда бұл платформада күнделікті миллиондаған транзакция жүргізіледі. Сонымен қатар Chocofamily, Arbuz.kz, Satu.kz сияқты жергілікті платформалар да айтарлықтай танымалдылыққа ие болып, ел ішінде және шетелдік нарықтарға шығуда.

Қазақстандық интернет тұтынушылар санының артуы электронды коммерцияның да өсуіне тікелей әсер етті. 2023 жылы елде онлайн сауда жасайтын тұрғындардың саны 6,5 миллионға жеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе артық.

Стартаптардың халі нешік?

Қазақстан өңірдегі стартап орталығына айналу үшін біршама қадам жасаған болатын. Astana Hub — Қазақстандағы ең ірі IT-хаб, онда 600-ден астам стартап жұмыс істейді. Кейінгі жылдары Astana Hub елдегі және халықаралық нарықтағы жобаларды қолдап, оларды дамытуға инвестициялар тартуда. Хабтың негізгі миссиясы — Қазақстанды IT-инновациялар орталығына айналдыру.

Мемлекеттік қолдау жақсы болғандықтан, қазақстандық IT-компаниялар әлемдік нарықта да табысты жұмыс істей бастады. Мысалы, Cerebra жасанды интеллект арқылы медициналық диагностика саласында ерекше жетістіктерге жетіп, шетелдік инвесторлардың қызығушылығын оятты. Сонымен қатар білім беру және қаржы салаларында да түрлі IT-шешім ұсынылуда. Bilim Media Group компаниясы қазақстандық білім беру ресурстарын цифрландыруда белсенді жұмыс атқарып, мектеп оқушыларына арналған онлайн оқыту платформаларын дамытып келеді.

Astana Hub арқылы кейінгі 5 жылда 70 миллион доллардан астам инвестиция тартылып, жүздеген стартап қаржыландырылды. Бұл стартаптар экономиканың әртүрлі секторларын қамти отырып, елдегі технологиялық экожүйені дамытуға ықпал етуде.

Қазақстандағы IT технологиялар мен цифрландыру саласындағы жетістіктер соңғы бес жылда айтарлықтай өсті. Мемлекет қолдауының арқасында электронды үкімет жүйесі дамып, тұрғындарға ыңғайлы қызметтер ұсынылды. Сонымен қатар электронды коммерцияның өсуі мен IT-инновациялардың өркендеуі елдің болашағына деген сенім ұялатады. Бұл жетістіктер Қазақстанды әлемдік цифрлық экономикада бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосуға жақындатады.

Айбар Олжай,

сарапшы

Сурет: gkhsp.kz

Автор

  • Айбар Олжай

    белгілі PR маман, журналист, публицист, қазақша коммуникация бойынша ЕҚЫҰ ұлттық кеңесшісі.

    Барлығын қарау
Astana Hub eGov платформасы IT-инновациялар Цифрлы Қазақстан Электронды сауда
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026
Біздің сараптама

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

12/05/2026
Біздің сараптама

Қандастарға көші-қон саясаты қаншалықты тиімді?

28/02/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Тамыз 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.