Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Пятница, 18 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Британия билігі қазақстандық компанияларға санкция салдары ауыр болатынын ескертті
Нұртай Текебаев Экономика 27/06/2025

Британия билігі қазақстандық компанияларға санкция салдары ауыр болатынын ескертті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Британия билігі қазақстандық фирмаларға санкция салынған ресейлік компаниялармен жұмыс істемеу керек екенін ескертті. Санкциядан айналып өтудің салдары ауыр болмақ.

Бұл құжат нұсқаулық ретінде жазылған. Қара тізімге енетін компаниялардың жағдайы нашарлауы мүмкін.

«Санкцияларды айналып өту әрекеттері (мысалы, үшінші елдерде кейіннен қайта экспорттау арқылы сатып алу арқылы) активтерді бұғаттауға, банктік және логистикалық қызметтерді көрсетуден бас тартуға, тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін», — делінген нұсқаулықта.

Елдегі фирмалар мына ережелерді ескеруі керек:

  • Қара тізімге енген кәсіпорындармен іскерлік байланыс орнатпау;
  • Санкцияланған тауарларды Англияға импорттауға көмектеспеу;
  • Британиядан шыққан тауарларды Ресейге тасымалдамау.

Қазақстандағы банктер де санкция құрығына іліккен тұтынушыларға қызмет көрсетпеуі тиіс.

Қазақстан неге алпауыт елдердің көз қырына ілікті? 

Еуропа одағы Ресейге қарсы 18-санкция пакетін әзірлеп жатыр. ҚазТАГ сұрағына жауап берген Еуроодақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливан РФ-ны экономикалық қыспаққа алу жалғасатынын айтқан.

«Біздің компаниялар соңғы пайдаланушының кім екенін және ұрыс даласында қолданылуы мүмкін өнімдердің түптің түбінде қайда жеткізілгенін түсіну үшін кешенді түрде тексеру жүргізуге міндетті. Санкциядан айналып өтуді толық болдырмай тастау мүмкін емес. Менің жұмысым – Ресейдің біздің технологияны меңгеруін қиындату, баяулату және қымбаттату», — деді О’Салливан.

Еуроодақтың 17-санкция пакеті Ресейдің экспорты мен импортының 60%-ын қамтыған.

Геосаяси тұрғыда Қазақстан Ресей импортына тәуелді ел. Оған қоса осы елге экспорттайтын дүниесі де мол.

АҚШ та Қазақстанда санкция талабына селсоқ қарайтын кәсіпорындарды анықтайтын арнайы топ құруға ниетті.

«Байден әкімшілігі белгілі бір фирманы немесе ұйымды қара тізімге енгізумен шектелді, ал Трамп – ешкім күтпеген қатаң шешімдер қабылдайтын адам. Сондықтан Ресеймен экономикалық сауда-саттық кезінде Қазақстан аса сақ болуы тиіс», — деген еді Дос Көшім sarapshy.info сауалына.

2019 жылы Ресей Федерациясы үшінші елдерге халықаралық автомобиль және теміржол тасымалын жүзеге асыру кезінде санкциялық тауарлардың транзитіне рұқсат берген.

Одан кейін АҚШ пен Еуропа одағы санкцияны күшейтті.

 Санкция салынған компаниялар

 Ұлыбритания бұған дейін бірнеше қазақстандық компанияға санкция салды.

Олар мыналар:

  •  «TawKZ» ЖШС – өнеркәсіпке қажет құрал-жабдықтарға шығарумен айналысады.
  • «Рабадазия» ЖШС – көтерме саудамен айналысады, оның иесі – шетелдік азамат.
  • Stanex Group компаниясы – өнеркәсіпке қажет жабдықтарды, құрылыс материалдарын жеткізумен айналысады.
  • CPS Energy — муниципалды электр компаниясы.
  • «Запчасть-Трейд» компаниясы – автомобильдерге арналған бөлшектер мен жинақтаушы бөлшектерді сатумен айналысатын ірі сауда ұйымы.
  • «Kazstanex» ЖШС әртүрлі тауарларды сатумен айналысатын ірі сауда ұйымы. Сондай-ақ бұған АҚШ Қаржы министрлігі де санкция салған. Тізімге 17 елден 275 адам мен компания қосылған. Нәтижесінде Қытай арқылы Ресейге станоктар жеткізді деп Kazstanex айыпталған.

2024 жылы  АҚШ Kazstanex пен Catu Tech Ltd.компанияларына және «КБР-Технология» ЖШС-на айыппұл салды.

 

фото: Depositphotos.com

 

 

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Англия Қазақстан Ресей Санкция Санкциялық тауарлар Санкциялық тауарлар Ресей аумағы арқылы қалай өтеді? Үшінші ақпарат экономика
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО оқушылары Halyk Bank бонусының 15%-ын жинаған

17/07/2025
Қаржы

Микроқаржылық ұйымдардың қызметін реттеудегі мемлекеттің рөлі қандай?

16/07/2025
жаңалық

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

14/07/2025

Жаңа мақалалар

Салық және кеден органдарынының бақылау тиімділігі төмен – Жоғары аудиторлық палата

жаңалық 18/07/2025

Астана базарларының бірінде өрт шықты

жаңалық 18/07/2025

БҚО оқушылары Halyk Bank бонусының 15%-ын жинаған

жаңалық 17/07/2025

Жемқорлықпен күреске жауапты жаңа органның міндеттері бекітілді

жаңалық 17/07/2025

“Жарық та, су да жоқ” – Ақтау тұрғындары әкімдікке талап қойды

жаңалық 17/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Салық және кеден органдарынының бақылау тиімділігі төмен – Жоғары аудиторлық палата

18/07/2025

Астана базарларының бірінде өрт шықты

18/07/2025

БҚО оқушылары Halyk Bank бонусының 15%-ын жинаған

17/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.