Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Биыл әлеуметтік салада қанша жемқорлық фактісі тіркелді?
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 02/09/2024

Биыл әлеуметтік салада қанша жемқорлық фактісі тіркелді?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекеттің қолдауына мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі саналатыны белгілі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, осы саладағы жемқорлық көріністері – тұрақты назарда.

Осы жылы әлеуметтік салада 95 жемқорлық қылмысы тіркеліп, 58 адам әшкереленген. Соның ішінде 34 адам сотталған.

Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «№2 Жаңаөзен қалалық емханасы» ШЖҚ МКК директоры мен бас бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар мемлекеттік сатып алу шарты шеңберінде медициналық бұйымдарды жеткізбестен жеке компанияның шотына 10,5 млн теңге сомасында ақша аудару арқылы қаражат жымқырды деп күдік болып отыр.

Соттың санкциясымен кәсіпорын директоры қамауға алынған.

26 тамызда Атырау қаласының соты №4 Атырау қалалық емханасының директоры Е.Сабировқа, шаруашылық меңгерушісі А.Әлжановаға, бас бухгалтер М.Дүйсенғалиеваға және кәсіпкер А.Ералиеваға қатысты үкім шығарды.

Алдын алу шаралары шеңберінде сот процесі ашық режимде өткізілді.

Процеске онлайн түрде облыстық денсаулық сақтау басқармасының және оның 28 ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қосылды.

Сотталушылар заңнама талаптарын бұза отырып жасалған шарттар шеңберінде іс жүзінде қызмет көрсетусіз кәсіпкерге 231,8 млн теңге сомасында ақша аудару жолымен қаражат жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып отыр.

Сот үкімімен оларға бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, емхана басшысы Сабиров өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Әлжанова, Дүйсенғалиева және Ералиева мемлекеттік ұйымдарда 7 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Айта өтейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сурет: zhaikpress.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Әлеуметтік сала ҚР Мемлекеттік саясат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқиға

БҚО-да өртенген үйден үш адамның денесі табылды

27/01/2026
жаңалық

Қазақстан шенеуніктерінің декларациясы: миллионер жұбайлар, жалақыға өмір сүретін министрлер

06/01/2026
sarapshy.info

Атырау облысында төрт тұрғын іздестірілуде

02/01/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.