Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігі «СК-Фармация» компаниясын тергейді
Дария Ғұмар жаңалық 24/07/2025

Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігі «СК-Фармация» компаниясын тергейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жоғары аудиторлық палатаның тексерісі нәтижесінде «СК-Фармация» және фармацевтика саласындағы бірқатар ұйымды қылмыстық тергеп-тексеру басталды. Депутаттар Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбенов жолдаған ресми сауалға Бас прокуратура осылай деп жауап берген.

Естеріңізге сала кетейік, «СК-Фармация» компаниясы – тегін медициналық көмектің аясында ұсынылатын дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтың бірыңғай дистрибьюторы.

4 маусымда Мәжілістің пленарлық отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов елдегі дәрілік қамтамасыз ету жүйесіне қатысты қатаң сын айтты.

«Ғылыми өндірістің нәтижесі көңіл көншітпейді. Соңғы 10 жылда небәрі екі отандық препарат әзірленген. Оның біреуі ұлттық дәрілік формулярға енбеген, дегенмен оны жасап шығаруға төрт миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды», — деді палата төрағасы.

Смайыловтың сынынан кейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «СК-Фармация» ЖШС-на жүргізілген тексеру барысында анықталған бірнеше дерек бойынша Бас прокуратураға тергеу бастауды ұсынды.

Қазіргі кезде тергеу үш негізгі бағыт бойынша жүріп жатыр.

Біріншіден, «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы жалған клиникалық зерттеулер жүргізіп, 166,4 млн теңге көлемінде қаражатты негізсіз игерген. Сондай-ақ шын мәнінде алынбаған жабдықтар үшін 36,7 млн теңге жұмсаған.

Екіншіден, бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмек сатып алған кезде мемлекетке 35,8 млрд теңге залал келтірген.

Үшіншіден, «КазМедПром» ЖШС медициналық қолғаптарды тым жоғары бағаға сату арқылы бюджет қаражатының 5,3 млрд теңгесін тиімсіз жұмсаған.

Бұл фактілер Бас прокуратураның есебіне тіркеліп, шешім қабылдау үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне жолданды. Бұдан бөлек, Алматы қаласының прокуратурасына жалған клиникалық зерттеулер мен игерілмеген қаражат бойынша қосымша тексеру жүргізу туралы тапсырма берілді.

Бұған дейін БҚО-дағы Ақжайық ауданының ауруханасында 700-ден астам диспансерлік есептегі науқасқа тегін дәрі-дәрмек уақтылы берілмегені анықталды.

фото: pexels

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Бас прокуратура Дәрі-дәрмек Диспаенсерлік есеп Қаржылық мониторинг агенттігі Науқастар СК-Фармация Тегін дәрі Тегін дәрі берілмеген Фармацевтика
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.