21 шілде Бангладеш астанасы Дакка қаласында әуе күштерінің оқу-жаттығу ұшағы мектеп аумағына құлап, кемінде 19 адам көз жұмды. 100-ден астам адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Associated Press жазды.
Оқиға қаладағы Уттара ауданында орналасқан Milestone School and College білім ордасында болған. Куәгерлер түсірген кадрларда өрт пен қою түтіннің аспанға көтерілгені көрінеді. Апаттан кейін ұшақ құлаған жерде өрт тұтанған.
Әскери күштер апатқа олардың ұшағының қатысы барын растады. Апат себебі тексерістен кейін белгілі болады. Дәрігерлер 50-ден астам адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
22 шілде елде қаралы күн болып белгіленді.
фото: WeatherMonitors / X

