Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО-да өзендер суы көтеріліп келеді
Наргиза Ерес жаңалық 17/03/2025

БҚО-да өзендер суы көтеріліп келеді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

 17 наурызда «Қазгидромет» мекемесінің БҚО филалы ұсынған гидрологиялық мониторинг деректеріне сәйкес, Батыс Қазақстан облысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілгені байқалады.

Шыңғырлау ауданының Ақшат, Ақтау, Кеңтүбек ауылдарында Шыңғырлау өзенінің арнасы қауіпті деңгейге жақындап қалғаны байқалады. Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылы тұсында Қалдығайты өзеніндегі су деңгейі 319 сантиметрге жеткен. Аталған учаскелерде енді 100 сантиметрге көтерілсе, өзендер арнасынан тасуы ықтимал.

Тәулік бойы бақылау нәтижесінде бірнеше өзенде судың едәуір көтерілгенін байқауға болады.

  • Жайық өзені (Орал қаласы) – 306 см (+46 см)
  • Жайық өзені (Янайкин ауылы) – 341 см (+46 см)
  • Жайық өзені (Көшім ауылы) – 301 см (+42 см)
  • Шаған өзені (Мичурин ауылы) – 386 см (+216 см)
  • Деркөл өзені (Зеленов ауылы) – 294 см (+32 см)
  • Елек өзені (Тайпақ ауылы) – 307 см (+37 см)
  • Шежін өзені (1-Шежін ауылы) – 340 см (+80 см)
  • Қараөзен (Бостандық ауылы) – 346 см (+106 см)
  • Сарыөзен (Қызылжар ауылы) – 310 см (+90 см)

БҚО-дағы кейбір өзенде судың күрт көтерілгені байқалады. Әсіресе, Шаған өзенінде тәулігіне 216 см деңгейінде көтерілген. Қараөзенде су 106, Сарыөзенде 90 сантиметрге көтерілді. Шежін мен Жайық өзендері арнасында су толып келеді.

Қазіргі уақытта қар күрт еріп жатыр және өзендерде сең жүруде.

Осыған дейін қардың күрт еруі салдарынан БҚО-да трассалар жабылды.

15 наурызда ​Қаратөбе ауданының Қаракөл ауылдық округіне қарасты Ақтайсай елді мекені маңындағы өткелдің үстінен қар суы өтіп, ауыл мен аудан орталығы арасындағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

​Сырым ауданының Аралтөбе ауылы маңында уақытша көпірді су шайып, аудан орталығымен қатынас үзілді. Қардың күрт еруі салдарынан 16 наурыз күні таңертең Шідерті өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, көпірдің айналасындағы топырақты шайып кеткен.

 

Сурет: БҚО ТЖД

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Басты ақпарат БҚО су деңгейі гидрологиялық мониторинг қардың күрт еруі Өзен суы көтеріліп жатыр трассалар жабылды
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.