Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 17 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Оқиға»БҚО-дағы ереуілге шыққан мұнайшылардың талабына қатысты шешім айтылды
Нұрлыбек Рахманов Оқиға 19/01/2023

БҚО-дағы ереуілге шыққан мұнайшылардың талабына қатысты шешім айтылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Төрт күннен бері жұмысқа шығудан бас тартып, жалақыларын көтеруді талап еткен жұмысшылармен кездесуге ККС-Sicim компаниясының бас директоры Джузеппе Роделли Италиядан келді, деп хабарлайды sarapshy.info ақпарат агенттігі.

БҚО-ның Ақсай қаласы маңындағы компанияның өндірістік базасында бүгін түстегі жұмысшылар мен италиялық басшының алғашқы кездесуі өте қысқа болды. Джузеппе Роделли БҚО әкімімен ақылдасып, кешке қарай шешімін айтатынын жеткізді.

Кешкі сағат 5-терде сол алаңда жұмысшылар алдына компанияның бас директоры қайтадан шығып сөйледі. Сөзін аудармашы қазақшаға аударып тұрды.

-Төртінші және бесінші категориялар біріктіріліп, соған 20 пайыз үстеме қосылады. Үйге барып келуде транспорт мәселесі шешіледі. Талаптарыңызды орындауға мүмкіндігімізді есептеу жайлы ККС-Sicim қаржыгерлеріне тапсырма бердім. 20 пайыз инфляцияға сай индекстеуге келісеміз. Соның өзі біздің компанияға ауыр, сіздер сұраған 50 пайызға өсіре алмаймыз, — деді ККС-Sicim компаниясының бас директоры Джузеппе Роделли. Жалақыны тамыз айында 10 пайызға өсіре алатынын айтып өтті.

Сөйтіп жұмысшылардың жалақыны 50 пайызға өсіру жайлы талабы орындалмайтын болды.

Қызметкерлердің ереуіліне қатысты БҚО әкімі Нариман Төреғалиев: «Ереуілге шыққан жұмысшылардың талабы орынсыз деп есептеймін. Компанияда ұжымдық келісімшарт бар, сондай-ақ, қызметкерлердің әрбірімен жеке еңбек шарты бар. Құжатта көрсетілген жұмыс берушінің міндеттемелері ішінде жалақыны 50% көтеру туралы сөз жоқ. Келісімшарт бойынша тек 20%-ға көбейтуге мүмкіндік бар”, – деді Үкімет кулуарында.

Еске сала кетсек, 16 қаңтардан бері бас көтеріп, талабын айтып тұрған жеті жүздей жұмысшымен кездесуге облыс және аудан әкімдігі, прокуратура мен еңбек инспекциясы өкілдері кездесті. 18 қаңтар күні жұмысшылар ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу де жолдаған болатын.

ККС-Sicim – қазақстандық «КазКомСервис» және италиялық Sicim-нің біріккен мекемесі. КРО консорциумында мердігер ретінде мұнай-газ құбыры магистралін салумен айналысады.

Нұрлыбек Рахманов

 

 

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Ақсай БҚО Джузеппе Роделли ереуіл жұмысшылар талабы КазКомСервис ККС-Sicim Сичим
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Экология

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді

10/06/2025
Сұқбат

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

06/06/2025
Экология

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

06/06/2025

Жаңа мақалалар

Біріккен Араб әмірліктерінде 300-ге жуық қазақстандық ұшақ күтіп отыр

жаңалық 16/06/2025

Қазақстандағы автокөліктердің 82%-ы бензинмен жүреді

Экономика 16/06/2025

Қазақстанда алғашқы АЭС 2036 жылы іске қосылуы мүмкін

Экономика 16/06/2025

Иран Израиль аумағына 100 баллистикалық зымыран атқылады

Әлем жаңалықтары 14/06/2025

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді

Экология 10/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Біріккен Араб әмірліктерінде 300-ге жуық қазақстандық ұшақ күтіп отыр

16/06/2025

Қазақстандағы автокөліктердің 82%-ы бензинмен жүреді

16/06/2025

Қазақстанда алғашқы АЭС 2036 жылы іске қосылуы мүмкін

16/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.