Батыс Қазақстан облысында 11 айлық сәби қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Сәби ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Басқарманың дерегінше, одан қызылшаға тән белгілер байқалған. Қазіргі кезде қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін зертханалық талдау жүргізіліп жатыр.
Ресми мәлімет бойынша қосымша дигноз ретінде қойылғанымен қызылша ауруы расталмаған.
Бөбекке медициналық көмек көрсетілсе де, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Айта кетейік, ақпан айының басында өңірде қызылша жұқтырғандар саны 25 адамға жетті.
фото: freepik.com
Автор
-
Барлығын қарауМақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

