Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО-да Чапай-Жаңақала автожолын салып жатқан жұмысшыларға шабуыл жасағандар тергеліп жатыр
Дария Ғұмар жаңалық 22/07/2025

БҚО-да Чапай-Жаңақала автожолын салып жатқан жұмысшыларға шабуыл жасағандар тергеліп жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Чапай-Жаңақала автожолында 19 шілде төрт ер адам «Ануш Құрылыс» ЖШС-ның екі қызметкеріне шабуыл жасады. Бұл туралы жергілікті басылым ақпарат таратты.

43 жастағы Гаруш Балаянның денесіне жеті рет пышақ сұғылған. Ол Жаңақала аудандық ауруханасында шұғыл отадан өтті, қазіргі уақытта жағдайы ауыр. Қасындағы әріптесі Арслан Бисалиев те жараланып, көп қан жоғалтқан.

Олар жол жөндеу жұмысын бақылап жүрген. Куәгерлер шабуыл жасағандар мас күйінде Гарушқа тіл тигізіп, әдейі қол жұмсағанын айтқан.

Зардап шеккендер төрт ер адамның үстінен арыз жазған. Олардың айтуынша, бұл әрекетте ұлтараздық сипат белгісі болған, алайда іс әзірге Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қарастырылып жатыр. Жәбірленуші жақ тергеу органынан ҚК 174-бабына сай («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру») іс жүргізуді талап етті.

«Ануш Құрылыс» ЖШС-ның директоры Оганнес Минасян Sarapshy.info тілшісі қойған сауалға оқиғадан кейін басқа қызметкерлердің қауіпсіздігіне баса назар аударғанын атап өтті.

«Күдіктілерге жөндеу жұмысы жүріп жатқан нысан аумағына кіруге рұқсат берілмеген. Компанияның атынан тағы да арыз жазбақпыз. Бұл ерегестің нақты себебі белгісіз. Біздің жұмысшылар мен ол адамдар бұрын-соңды таныс болмаған. Құқық қорғау органдарынан бұл іске мұқият назар аударуды сұраймыз. Қазіргі кезде қол астымдағы өзге жұмысшыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмын», — деді ол.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі төрт күдіктіні қамауға алғанын мәлімдеді.

«Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды. Қылмыстық істі тергеу — департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды», — делінген ПД жолдаған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кейінгі кезде «Ануш Құрылыс» қызу оқиға ортасынан жиі көрінеді.

2024 жылдың сәуірінде мердігер Оганнес Минасян Чапай-Жаңақала-Сайқын автокөлік жолын жөндеуге құны 2,8 млрд теңгелік шартқа қол қойған.

Былтыр «Ануш Құрылыс»  тек 2 км асфальт салған. 2025 жылдың басында Минасянмен қосымша шарт жасалып, жөндеу мерзімі ұзартылды. Компания БҚО әкімдігінен жалпы сомасы 8,3 млрд теңгені құрайтын 11 тендер ұтып алған.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Ануш Құрылыс БҚО Екінші ақпарат Жаңақала жолы қылмыстық іс Оганнес Минасян Полиция департаменті Чапай Шабуыл
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.