Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 91 адам қызылша жұқтырып ауруханаға түскен. Қазір ауру жұқтырған 2 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл жөнінде облыстың бас штаттан тыс инфекционисті Дергүл Агадилова хабарлады.
Қызылшаға шалдыққандардың 61-і сауығып шықса, 30-ы әлі ем қабылдап жатыр.
Науқастардың ішінде 25 бала бар, олардың 19-ы бір жасқа толмаған сәбилер. 79 баланың 50 жағдайы зертханалық түрде расталған. Ауру жұқтырған 79 баланың 75-і қызылшаға қарсы егілмеген.
Таяуда облыста 11 айлық сәби қайтыс болды. Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, одан қызылшаға тән белгілер байқалған.
фото: freepik.com

