БҚО-да 153 адам «Нұр жиһаз» қаржы пирамидасынан зардап шекті

БҚО-да «Нұр жиһаз» қаржы пирамидасын ұйымдастырған азамат ұсталды. Аталған пирамида жеке тұлғалардан қаражатты тарта отырып, жиһаз ойнату арқылы, міндетті түрде жаңа салымшыларды тарту шартымен жұмыс істеген, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

«Тергеу барысында 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталды. Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматты кінәлі деп танып, қаржы және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», — делінген агенттік таратқан хабарламада.

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Добавить комментарий