Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 30 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанның жаңа бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тағайындалды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 17/09/2024

Қазақстанның жаңа бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тағайындалды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне Сархат Бейсенова тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған.

1996-1998 жылдары Ақмола қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық стансасының дәрігер-эпидемиологы, 1998-1999 жылдары Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы және 1999-2002 жылдары Астана қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы, меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2002-2007 жылдары Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы, 2007-2009 жылдары Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары – Астана қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары, 2009-2011 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары болған.

Кейін 2011-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директоры, 2014-2015 жылдары ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2015-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, одан кейін 2017-2019 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары болған. Сонымен қатар 2019-2020 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары лауазымы қызметін атқарған.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болды.

Еске салсақ, бұған дейін елдің бас санитарлық дәрігері қызметінде Айжан Есмағамбетова болды. Ол 9 шілде күні қызметінен босатылды.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта Айжан Есмағамбетованың басқа жұмысқа ауысына байланысты осыған дейін атқарған лауазымды міндеттерінен босатылғаны айтылды.

Cурет: Үкімет

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ҚР денсаулық сақтау министрі Сархат Сағынтайқызы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
sarapshy.info

Түркі халықтары Наурызды қалай тойлайды?

22/03/2025
sarapshy.info

Түркиядағы тергеу: 106 күдіктіге қатысты қамауға алу ордері шығарылды

19/03/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.