Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Четверг, 26 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанның фармацевтика нарығы импортқа тәуелді
Нұрсұлтан Ерболатұлы sarapshy.info 09/12/2024

Қазақстанның фармацевтика нарығы импортқа тәуелді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанның фармацевтика нарығы айтарлықтай дәрежеде импортқа тәуелді. Дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдердің  83,3%-ы шетелден әкелінеді. Дегенмен отандық өндірісті дамытуға бағытталған бағдарламалар нәтижесінде жергілікті фармацевтика кәсіпорындарының үлесі біртіндеп артып келеді. Мысалы, отандық өнімдер нарықтың шамамен 17%-ын құрайды.

   Ішкі нарықтың дамуы

Қазақстанның фармацевтикалық нарығы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 566,46 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға жоғары. Бұл көрсеткіш елдегі фармацевтикалық өнімдерге сұраныстың артып, нарықтың тұрақты өсу динамикасын көрсетеді.

  1. Нарықтың негізгі сегменттері:

Бюджет сегменті: Жалпы сатып алулардың 258,3 млрд теңгесі осы сегментке тиесілі. Яғни фармацевтикалық нарықтың 46%-ы мемлекттік бюджет арқылы сатып алынып жатыр.

Бөлшек сегмент: 308,2 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды.

  1. Дәрі-дәрмектерді жеткізу және сұраныс:

Есеп бойынша ең көп сұранысқа ие он дәрі-дәрмек нарықтағы жеткізілімдердің 13%-ын құрайды. Атап айтқанда, онкологиялық ауруларды емдеуге арналған «Китруда», вакциналар және басқа да инновациялық дәрі-дәрмектер жетекші орындарға ие.

  1. Өңірлік ерекшеліктер:

Өңірлер арасындағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде елеулі айырмашылық байқалады. Мысалы, Атырау облысында бір науқасты емдеудің орташа құны басқа өңірлерге қарағанда екі есе жоғары. Бұл ерекшелік қаржылық мүмкіндік пен ауру санатына байланысты.

Бір көзден сатып алу

2010 жылдан бастап 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына дейінгі кезеңде жергілікті коммерциялық дистрибьюторлардан сатып алу үлесінің төмендеуі, тікелей шарттар бойынша (оның ішінде халықаралық ұйымдар (ЮНИСЕФ, БҰҰДБ)) және отандық өндірушілерден сатып алу үлесінің ұлғаюы байқалады.

Бірыңғай дистрибьютер арқылы 2009 жылдан 2024 жылдың І жартыжылдығына дейінгі кезеңде 2,9 трлн теңге немесе 8,4 млрд доллардан астам сомаға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар  сатып алынды.

Алайда бір көзден сатып алу бәсекені шектейді. Бір көзден сатып алу процесі басқа жеткізушілердің нарыққа кіру мүмкіндігін азайтады. Белгілі бір жеткізушіге тәуелді болу сын-қатерін тудырады, осылайша өнімнің монополиялануы орын алады.

Дәрі-дәрмек импорты: неміс компаниялары көш бастап тұр

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютор 350,96 млрд теңге сомасына ДЗ мен МБ нақты сатып алды. Бұл ретте импорт тауардың 44%-ы (154,5 млрд тг) жергілікті дистрибьюторлар арқылы жеткізіледі, он ірі дистрибьютордың жиынтық үлесі «СҚ-Фармация» ЖШС сатып алудың жалпы көлемінің 35%-ын құрады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша он ірі өндірушінің үлесі «СҚ-Фармация» ЖШС жалпы сатып алуының 44%-ын құрады, онда «Пфайзер» мен «Рошты» басып озып, «Нобел» көшбасшы болып шықты.

                                                    Ішкі сұраныс

2024 жылдың 6 айында еліміздегі дәрі-дәрмек сатып алушы ең ірі 10 компаниялардың сатып алу көлемі 121,5 млрд теңгені құрады. Осы ірі 10 компания бірыңғай дистрибьютерден сатып алған медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектің үлесі 44%-ға жеткен.

Қазақстанның фармацевтика саласындағы отандық өндірушілер елдің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Олардың үлесін арттыру мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып есептелінеді, себебі бұл импортқа тәуелділікті азайтуға және экономиканы нығайтуға көмектеседі.

Сатып алу қорытындысына сай бір көзден сатып алудың жалпы көлеміндегі үлес мөлшері бойынша 1-орын отандық өнімге тиесілі, 2-орында тапсырыс берушілер жиі сатып алатын неміс өнімі тұр. Сатып алу қорытындысы бойынша ТОП-10 елдің үлесі жалпы көлемнің 81%-ын құрады.

«Химфарм» (Santo) – Қазақстандағы ең ірі фармацевтикалық кәсіпорындардың бірі, антибиотиктер, инфузиялық ерітінділер және басқа да дәрілік заттарды шығарады.

«Ромат» инъекциялық дәрілер, таблеткалар, дәрумендер және басқа да медициналық өнімдерді өндіреді.

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» дәрілік препараттар мен генериктер шығарады.

«Абди Ибрахим Global Pharm» — Орталық Азиядағы заманауи фармацевтикалық кешендердің бірі.

«Dolce Pharm» косметикалық өнімдер мен фармацевтикалық тауарларды өндіруге маманданған.

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Сурет: pexels.com

Автор

  • Нұрсұлтан Ерболатұлы

    2018 жылы Алматы қаласындағы Нархоз университетін "қаржы” мамандығы бойынша (бакалавр), 2020 жылы UIB университетінде "қаржы және банк ісі" мамандығы бойынша (магистратура) білім алды. 2021 жылы “Forte bank” АҚ мененджер AWD қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары ECA 50 ұйымында дата-аналитик болды. 2024 жылдан бері kursiv.media, sarapshy.info порталында сарапшы ретінде мақалалар жариялайды.

    Барлығын қарау
Бюджет сегменті Дәрі-дәрмек Импорт неміс компаниялары отандық өнім Фармацевтика
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Индонезияда тұтқынға алынған қазақстандықтарға ату жазасы тағайындалуы мүмкін

25/06/2025
Біздің сараптама

Қазақстанда шілде айында киікті аулау басталады: өңірдегі кәсіпорындар қаншалықты дайын?

25/06/2025
sarapshy.info

Таяу Шығыстағы бүгінгі жағдай мұнай бағасына қалай әсер етуі мүмкін?

24/06/2025

Жаңа мақалалар

Индонезияда тұтқынға алынған қазақстандықтарға ату жазасы тағайындалуы мүмкін

жаңалық 25/06/2025

Қазақстанда шілде айында киікті аулау басталады: өңірдегі кәсіпорындар қаншалықты дайын?

Біздің сараптама 25/06/2025

Тұрғын үй құрылыс жинағын басқа банктерден де ашуға болады – ҚНРДА

Қаржы 25/06/2025

Көлік апатынан ҰҚК-ның екі қызметкері көз жұмды

Оқиға 25/06/2025

Қазақстаннан басқа елдерге қоныс аударатындардың саны азайып келеді

Шолу 24/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Индонезияда тұтқынға алынған қазақстандықтарға ату жазасы тағайындалуы мүмкін

25/06/2025

Қазақстанда шілде айында киікті аулау басталады: өңірдегі кәсіпорындар қаншалықты дайын?

25/06/2025

Тұрғын үй құрылыс жинағын басқа банктерден де ашуға болады – ҚНРДА

25/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.