Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Қазақстаннан басқа елдерге қоныс аударатындардың саны азайып келеді
Нұртай Текебаев Шолу 24/06/2025

Қазақстаннан басқа елдерге қоныс аударатындардың саны азайып келеді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Кейінгі жылдары Қазақстаннан көшетіндердің қатары сиреп келеді. 2025 жылдың алғашқы төрт айында басқа елдерге тұрақты тұруға 1,7 мың адам кеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (4,8 мың) 2,8 есе аз. Ranking Ұлттық статистка бюросының деректерін талдады.

Жалпы соңғы 25 жылда басқа елге қоныс аударатындар саны әлдеқайда азайған. Егер 2000 жылы республикадан 155,7 мың адам кеткен болса, 2024 жылдың соңына қарай – 12,7 мың азамат. Тек белгілі бір уақыт кезеңдерінде ғана статистика эмигранттар санының өсуін тіркеді: 2006 жылдан 2008 жылға дейін және 2013 жылдан 2019 жылға дейін.

Қазақстандықтар қай елдерге көшіп барады?

Көбі Ресейге барады. 2024 жылы Ресей Федерациясына көшкендердің үлесі 69% құрады. Өткен жылы да, 2025 жылдың бірінші тоқсанында да ҰБС есептері Ресей аймақтарына эмиграцияның азайғанын көрсетеді. Биылғы қаңтар-наурыз айларында Ресейге 644 қазақстандық көшті, бұл 2024 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 75,5%-ға аз.

Қазақстандықтарды қабылдайтын елдер арасында Германия екінші орында. Өткен жылы бұл еуропалық мемлекетке 2 мыңға жуық Қазақстан азаматы қоныс аударған. 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, Германияға көші-қон ағыны да айтарлықтай төмендеуде (минус 67,9%).

Ресейге көш не себепті кідірді?

Ресей-Украин соғысы әлі күнге аяқталмай келеді. Осының салдарынан Ресей экономиксының өсімі айтарлықтай баяулады. Геосаяси және экономикалық тұрғыдан қолайсыз болғандықтан Ресейге қоныс аударатындар азайған болуы керек.

2025 жылғы қантар-наурызда елге келгендер саны 4923 адамды, елден кеткендер саны 1122 адамды құрады.   2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 34,1%-ға азайды, Қазақстаннан кеткендер саны 70,4%-ға азайды.

ҰБС

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 68% құрады.

ҰБС

 

Былтыр АҚШ миграция саясатын қатаңдатып, Қазақстан азаматтарын құрлықтан шығарған еді.

фото: pexels

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
көші-қон Қазақстан статистика Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.