Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 28 тамыз
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Фактчекинг»Қазақстанда WhatsApp пен Telegram мессенджерлеріне тыйым салынатыны рас па?
Дария Ғұмар Фактчекинг 21/08/2025

Қазақстанда WhatsApp пен Telegram мессенджерлеріне тыйым салынатыны рас па?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың 18 тамызында Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы күштері қызметкерлерінің ішкі байланысы үшін отандық Aitu мессенджерін қолданысқа енгенін хабарлады. Бұл жаңалық көпшілік арасында қызу талқыланып, әлеуметтік желілерде «енді елімізде WhatsApp пен Telegram-ды қолдануға болмайды» деген сыбыс тарады.

Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресми түсініктеме беріп, шетелдік мессенджерлерді жеке мақсатта пайдалануға ешқандай тыйым салынбайтынын айтты. Яғни азаматтар бұрынғыдай WhatsApp, Telegram және басқа да халықаралық сервистерді күнделікті еркін қолдана алады.

Aitu мессенджері не үшін қажет?

Aitu қосымшасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдарға қызметтік коммуникация құралы ретінде ұсынылады.

Мессенджердің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс барысында алмасатын ақпаратын қауіпсіз сақтау және қорғау. Қазіргі таңда шетелдік сервистердің деректері басқа елдерде орналасқан серверлер арқылы өңделетіні белгілі. Бұл фактор ұлттық қауіпсіздікке әсер етуі мүмкін.

Ресейдегі шектеу

Көршілес Ресейде Telegram мен WhatsApp мессенджерлерінің кейбір функцияларына шектеу қойылды. Қазір аталмыш қосымшалар арқылы қоңырау шалу қиынға соғады. Бәріне себеп – МАХ мессенджері. Владимир Путиннің айтуынша, бұл бастама Ұлттық ақпарат алмасу желісінің негізін қалайды. Қазір МАХ-тың қолданушылар саны 18 млн адамға жетті.

MAX қосымшасының логотипі / RuStore

Ресейдегі шектеу қазақстандықтарды да алаңдатқаны анық. Aitu бағдарламасының төңірегіндегі сыбыс та осы себептен пайда болды.

Қорытынды

«Қазақстанда WhatsApp пен Telegram-ды қолдануға тыйым салынады» деген ақпарат – жалған.

Жаңа мессенджер халық күнделікті қолданатын халықаралық сервистерді алмастырады деуге негіз жоқ. Ол тек мемлекеттік сектордағы деректердің қауіпсіздігін арттыруға арналған қосымша құрал ретінде қолданылады.

фото: freepik.com

 

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Aitu Aitu мессенджері MAX мессенджері Telegram Telegram-арна бұғатталды WhatsApp Қазақстан Қарулы күштері Қорғаныс министрлігі ҚР Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Фактчекинг

«Иран тікұшағы ма әлде сурет пе?» Желідегі бейнежазба қаншалықты рас?

06/03/2026
Фактчекинг

eGov арқылы өтініш бергеннің бәріне әлеуметтік көмек берілмейді – министрлік

20/02/2026
жаңалық

Қазақстанда жеке деректерді таратқандарды жауапкершілікке тарту ұсынылды

21/01/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Тамыз 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.