Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қаржы»Қазақстанда рубль рекордтық деңгейде сатылып жатыр
Дария Ғұмар Қаржы 08/08/2025

Қазақстанда рубль рекордтық деңгейде сатылып жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың шілде айында еліміздің банктері биржадан тыс нарықта 79,5 миллиард рубль сатқан. DataHub талдауына сәйкес бұл маусым айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,2 есе жоғары.

Ұлттық банк таратқан деректерге сүйенсек, бұл сома теңгемен есептегенде 536,8 миллиардты құрады. 2015-2022 жылдары банктер ай сайын орта есеппен небәрі 1,4 млрд рубль сататын.

2022 жылы ғана бұл көрсеткіш рекордтық деңгейге жеткен: сәуірде – 147,9 млрд, желтоқсанда – 99,7 млрд рубль. Алайда ол кезде банктер арнайы операциялар жүргізіп, еншілес компаниялардан валюта тартқан болатын. Ал биылғы өсім нарықтық жолмен жүзеге асып отыр.

Сонымен қатар шілде айындағы рубльдің 75%-ын резидент емес шетелдік банктер мен қаржы ұйымдары сатып алған.

Экономист Айбар Олжай Sarapshy.Info ақпарат агенттігіне берген сұхбатында рубль саудасына қатысты пікірін білдірді.

«Қазір рубль бағамы көтерілді, бұл – аталған валютаны сату банктер үшін тиімді деген сөз. Бағам жоғары болған сайын, сату арқылы түсетін таза пайда да арта түседі. Сатып алушылардың басым бөлігі шетел азаматтары немесе шетелдік компаниялар болғандықтан, рубль шекара асып кетіп жатыр.

Ұлттық банк әзірге қандай да бір реттеу шараларын қабылдауға міндетті емес. Өйткені бұл – нарықтың қазіргі жағдайына сай қалыптасқан сұраныс. Рубльге деген сұраныс кез келген сәтте динамикалық түрде өзгеруі мүмкін. ҰБ рубльден түскен қаражатты басқа активтерге салуы да мүмкін», – деді сарапшы.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Әлемдік нарық Валюта Валюта нарығы нарық Рубль рубль бағамы Рубль саудасы Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
Қаржы

Үшжылдық бюджет: БҚО-да қай салаларға қаражат бөлінді?

15/01/2026
жаңалық

Қазақстан шенеуніктерінің декларациясы: миллионер жұбайлар, жалақыға өмір сүретін министрлер

06/01/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.