Биылғы I жартыжылдықта орналастыру орындары* төрт миллионға жуық адамға қызмет көрсеткен. 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 400 мың адамға көп. Бұл көрсеткіш кем дегенде 2014 жылдан бері ең жоғары деңгейге жетіп отыр. Оған ұйымдар санының өсуі де ықпалын тигізді.
Аталған төрт млн адам қонақүйлерге 121 млрд тг табыс әкелген. Әр адамға орташа есеппен 30,4 мың теңге жұмсалған. Бұл номиналды түрде өткен жылға қарағанда 10,6%-ға артық.
Қонақтардың басым бөлігі – ҚР резиденттері, тек 14%-ы шетелдіктер. Биыл да, өткен жылы да шетелдіктердің көпшілігі Ресей азаматтары болды. Бірақ қазір ресейліктер саны азайған.
Ал үндістандықтардың белсенділігі басым болып тұр. Үндістаннан келген қонақтар саны бір жылда 2,5 есе өскен. (Яғни, 22 мыңнан 54 мың адамға дейін). Бұл – барлық мемлекеттер арасында ең үлкен өсім.
*«Уақытша орналастыру қызметтерін ұсыну» секторы / заңды тұлғалар мен ЖК
Дереккөз: Data Hub
Сурет: freepik.com