Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстанда қонақ үйлерге келетін қытайлық туристер рекордтық деңгейге жетті
Дария Ғұмар жаңалық 05/12/2025

Қазақстанда қонақ үйлерге келетін қытайлық туристер рекордтық деңгейге жетті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың III тоқсанында Қазақстандағы орналастыру орындарына қытайлықтарды өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43%-ға көп қабылдаған. Бұл туралы Data Bub Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйене отырып мәлімдеді.

Қытайдан келетін меймандар санының тұрақты өсуі пандемиядан кейінгі туристер ағынымен және 2022 жылдың ортасында енгізілген визасыз саясатпен түсіндіріледі. 2020 жылы аталған көрсеткіш іс жүзінде нөлге тең болғанымен, 2022 жылы 3,2 есе, 2023 жылы 3,6 есе, ал 2024 жылдың дәл осы кезеңінде 58%-ға артқан. 2025 жылдың 9 айында Қазақстан қонақ үйлерінде орналастырылған Қытай азаматтарының саны 182,8 мың адамға жетті.

Қазақстанның қонақ үйлерінде ең көп тұрақтайтындардың көшін Ресей азаматтары бастады. Айта кетейік, Ресейдің бұл рейтингтегі үлесі бір жылда 11 пайыздық тармаққа төмендесе, Қытайдың үлесі 18%-ға дейін өсті.

Таяуда Алматы әуежайында суррогаттық жолмен туылған сәбилерді елден алып шықпақ болған келген екі қытайлық отбасы ұсталды.

Қытай инвестициялары

Соңғы жылдары Қытайдың Қазақстандағы ірілі-кішілі жобаларға салып жатқан инвестицияларының саны артты.

Қазір Қазақстан аумағында салынатын 3 атом электр станциясының екеуінің құрылысына Қытайдың CNCC компаниясы жауап беретіні белгілі. Бірінші станцияны Балқаш көлі маңындағы Үлкен ауылында ресейлік «Росатом» тұрғызбақ.

2024 жылы Қазақстанда Алатау атты жаңа қала салу туралы жоспарланды. Қаланың инфрақұрылымын қытайлық China State Construction Engineering Corporation компаниясы жүргізбек. Үкімет Алатау қаласы құрылысын қаржыландырмайды.

Қытайдың елдегі энергетика нарығындағы ықпалы да күшейді. Қазір қытайлық мұнай-газ компаниялары қызметтерінің бағасын 70%-ға төмендетіп, қазақстандық жобалардың дамуына кедергі келтіріп отыр. Бұған PetroCouncil бірлестігі наразылық танытып, премьер-министрге өтініш жолдады.

Биыл қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында метанол өндіретін газ-химия кешенінің құрылысы басталды. Негізгі мердігер – Қытайдың Xinjiang Sanbao Industrial Group Co., Ltd. компаниясы.

БҚО-дағы екі майнинг фермасының біреуі де қытайлық LLY Agro Energy компаниясына тиесілі. Ферма 2020 жылы ашылған.

фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2024 2025 Инвестиция Қытай Орналастыру орындары Ресей Туристер
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.