Шілдеде Қазақстан шетелден жалпы сомасы 56,8 млн доллар электр энергиясын сатып алды. Өткен аймен салыстырғанда бұл номиналды түрде 98%-ға, ал өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 74%-ға артық. Бұл жөнінде Data Hub аналитика арнасы жазды.
Сол арада импорт көлемі де айтарлықтай артты. Айлық көрсеткіш бойынша +102%-ға, ал жылдық көрсеткіш бойынша +59%-ға өсті. Қазіргі көлемі 782,4 млн кВт/сағат болып отыр.
Барлығы жеті айдың ішінде жалпы құны 169,2 млн АҚШ доллары болатын 2,3 млрд кВт/сағат импортталды. Жылды жылмен салыстырғанда, бірінші көрсеткіш 7%-ға өсті, ал екіншісі +24%-ға өсті. Әрі кем дегенде 11 жыл ішіндегі қаңтар-шілденің ең жоғары мәніне жетті.
Шілдедегі өзгеріске ел ішіндегі электр энергиясына деген сұраныстың артуы әсер еткен сияқты. Мәселен ішкі нарықта электр энергиясының сатылымы екінші жаз айының қорытындысы бойынша бір жыл бұрынғы 9,4 млрд кВт/сағат салыстырғанда 10,1 млрд кВт/сағат құрады. Айта кету керек, сату (ж/ж +8%) өндіріспен салыстырғанда едәуір өсті (ж/ж +3%), бұл 9,4 млрд кВт/сағат құрады.
Қазақстан нарығына электр энергиясының негізгі сыртқы жеткізушісі Ресей саналады. Атап айтқанда, шілде айында оның үлесіне жалпы физикалық (674,1 млн кВт/сағат) 86% және құндық импорттың 96%-ы (5 54,8 млн) тиесілі болды. Ресей Федерациясында электр энергиясын сатып алу қарбалас сәтте (таңертең және кешке), ішкі генерация қолданыстағы қажеттіліктерді өтемейтін кезде жүзеге асырылады. Бұл жағдай бағаны көтереді.
Ақпандағы ресми болжам бойынша, 2025 жылы Ресейден әкелінетін электр энергиясының көлемі екі млрд кВт/сағаттан аспауы тиіс еді. Алайда қаңтар-шілде аралығында бұл көрсеткіш дәл осы деңгейге жетті. Жоспар бойынша 2027 жылға қарай Қазақстан сырттан электр энергиясын сатып алуды тоқтатуы керек.
Осыған дейін Қазақстан мен Ресей электр энергияларын бірге басқаратын ресми құжатты бекіткенін жазған едік. Бұдан кейін екі мемлекет бір-біріне қанша көлемде электр энергиясын жеткізетінін алдын ала келісіп отырады.
Ресей Федерациясынан электр қуатын алатын өңірдің бірі – Батыс Қазақстан облысы. Қазіргі уақытта Жәнібек және Бөкей ордасы ауданы 90% электр қуатын Ресейден алады. Қазір Жәнібек ауданының Өнеге ауылында гибридті станцияның құрылысы басталды. Бұл станция екі аудандағы электр қуаты импортын 10%-ға дейін азайтпақ.
Сондай-ақ БҚО-да электр қуаты қымбаттады. 1 тамыздан бастап еліміздегі бірнеше энергетикалық компания электр қуатының бағасын көтерді. Мәселен, Батыс Қазақстандағы «Жайық жылу қуаттың» тарифті 13,25 теңгеден 13,95 теңгеге көтеретіні белгілі болды.
Фото: Freepik.com

