Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 11 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстан сотта мұнай алпауыттарынан жеңілді
Дария Ғұмар жаңалық 04/08/2025

Қазақстан сотта мұнай алпауыттарынан жеңілді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстандағы Қашаған мұнай кен орнын игеріп жатқан компаниялар экологияға тигізген зиянына қатысты дау бойынша Астананың апелляциялық сотында жеңіске жетті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Сот ісі Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC серіктестігіне қатысты өтті. Қазақстан үкіметі 2022 жылы компанияға қоршаған ортаға келтірілген залалы үшін 2,3 трлн теңге (сол кездегі бағаммен $5,1 млрд, қазіргі бағаммен $4,2 млрд) көлемінде айыппұл салуға талпынған.

North Caspian Operating Company (NCOC) – Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлісу туралы келісімнің (СКӨБК) негізінде пайда болған операциялық компания. Келісімде ҚазМұнайГаз,Eni, ExxonMobil, Shell, Total S.A, Қытай ұлттық мұнай корпорациясы және Inpex компанияларының үлесі бар.

Айыппұлға кен орнында жиналған күкірттің көлемі мен оны сақтаудағы қателіктер себеп болды.

NCOC пен оның серіктестері сот шешімін құптады. Компанияның мәлімдеуінше, күкіртті сақтау Қазақстан заңдарына және халықаралық стандарттарға сәйкес орындалған.

Дегенмен Атырау облыстық прокуратурасы NCOC 3,6 млрд теңге экологиялық залал төлегенін хабарлаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, 15 шілдеде өткен Үкіметтің баспасөз конференциясында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан мұнай өндіру көлемі квотадан асса да, еліміз ОПЕК+ құрамынан шығуды жоспарламайтынын мәлімдеді.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Bloomberg Аппеляциялық сот Астана соттары күкірт сақтау Қашаған Қашаған кен орны Мұнай Сот
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026
жаңалық

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026
жаңалық

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

23/10/2026

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.