Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстан халқының 40%-ы газбен қамтылмаған
Дария Ғұмар жаңалық 20/02/2026

Қазақстан халқының 40%-ы газбен қамтылмаған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Биыл Қазақстанда 10 ауыл мен 32 мың адам газбен қамтылады, деп мәлімдеді Энергетика министрлігі. Десе де елде әлі көгілдір отынға қол жеткізе алмай отырған 7 млн адам бар.

Қазір қазақстандықтардың 63,4%-ы (13 миллион адам) газбен қамтылған.

2025 жылы тұрғындарының жалпы саны 354 мың адамды құрайтын 94 ауылға табиғи газ жеткізілді. Биыл газдандыру жұмыстары Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау және Жетісу облыстарында жалғасады.

Көгілдір отынмен қамту жұмыстары Астанада да жалғасып жатыр. Биыл «Шұбар», «Үркер», «Өндіріс», «Пригородный» және «Garden Village» аудандарында газ қосылады.

Газ көлемін арттыру үшін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының екінші желісі салынып жатыр. 2026 жылдың соңына дейін 10 млрд текше метр газ өткізуге мүмкіндік беретін желілік бөліктің құрылысы аяқталмақ, ал екінші кезеңде компрессорлық стансалар салу арқылы өткізу қабілеті 15 млрд текше метрге дейін ұлғайтылады.

Батыс Қазақстан облысының аумағында газдандыру деңгейі 99,8% деп көрсетілгенімен, өңірде көгілдір отынға қол жеткізе алмай отырған 6 ауыл бар.

Айта кетейік, 19 қаңтарда Ақтөбе облысының Хромтау қаласындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, бес адам жарақат алды. Ал 2025 жылдың желтоқсанында Оралдағы тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 2026 БҚО газдандыру
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
Біздің сараптама

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

12/05/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.