Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 11 тамыз
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Оқиға»Ауыл мектебі суға кетті. Жергілікті билік шарасыздық танытты (СУРЕТ)
Нұрлыбек Рахманов Оқиға 31/03/2022

Ауыл мектебі суға кетті. Жергілікті билік шарасыздық танытты (СУРЕТ)

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

БҚО әкімдігі мен облыстық білім басқармасы назарына!

Аядай ауылды таратпай ұстап тұрған шағын ғана мектебімнің қазіргі ауыр жағдайына жүрегім елжірейді. Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданына қарасты Шалғын деген шағына ғана ауыл барын бірі білсе, бірі білмес. Балғын балалық шағым, оқушылық кезім осы мектептің әр тасымен қаланғандай еді. Жаңа өмірге деген алғашқы ұстаздық жолым да осы мектеппен тығыз байланысты.

Қабырғасы сонау 1988 жылы қаланып, содан бері бір күрделі жөндеу көрмеген мектептің қалай құламай тұрғанына таңым бар. Алғашқыда от жағып, күлімсі иіс пен ыстың ортасында талай сабақ оқыған кездерім есіме түседі. Бертін келе көгілдір отынның қызығын көре бастады. Мектеп әкімшілігі оқушылардың білім алуына барынша жағдай жасап, өз жыртықтарын өздері жамап әлек. Ауыл боп жаңа корпусты да өздері жалғап салып алды. Аудан тарапынан ешқандай көмек қолы созылмады. «Сен тимесең мен тиме» боп аядай ғана ауылға атқамінерлердің біреуінің де жаны ашымады.

Қазіргі жағдайы өте мүшкіл. 2022 жылдың 28 наурызы күні қырдан келген қызыл су мектептің жалғанған бөлігін түгелдей дерлік жалмап кетті. Кітаптар мен құжаттар суға кетті. Ұстаздар мен ауыл халқы шарасыз күйде. Қоскөл ауылдық округі әкімі мен аудандық білім бөлімінің басшысы қолдарында бір күрегі жоқ, не алып келген техникасы жоқ келіп, құр сөзбен жұбатқандай кейіп танытып кетіп қалды.

Ауыл азаматтары өз техникаларын жұмылдырды. Трактормен құм тасып төсеп, қызметкерлер біресе су тасыды, біресе кітап мен құжат тасып жүгіріп шаршады. Келген атқамінерлер «осы мектепті жаппай отырғанымызға рахмет айтыңдар» дегендей сөзбен түйреп, қорқытқандай болды. Халықтың осы жерде шоғырланып, түтінін түтетіп отырғандағы себебі — балаларының білім алатын мектебі ғана. Мектеп жойылса, ауыл да үдере көшпек.

Бала саны аз болғасын мектеп ұстаздары мен ата-аналар патронаттық тәрбиеге бала алуды жоспарлар отыр. Қазіргі таңда құжаттық жұмыстар жүргізілуде, алдағы оқу жылына дейін мәселенің оң шешімі табылады деп ойлаймын.

Шағын ғана мектептің таудан талантты шәкірттері мен білімді ұстаздары көпке үлгі. Биылғы оқу жылының ішінде 17 оқушы түрлі аудандық жарыстардан жеңімпаз атанып, облыстан жүлдемен оралды. Жаңадан мектеп салып, ұстаздар мен оқушыларға жайлы жағдай жасалса, нұр үстіне нұр болар еді. Біздің осы жанайқайымызды еститін құлақ болса…

Салтанат Сағынғалиева,

Орал қаласы

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
БҚО БҚО білім басқармасы Қаратөбе ауданы Шалғын мектебі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Тамыз 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.