Автор: Nargiza Yeres

БҚО-дағы Қарашығанақ кен орнында жыл сайын қуаты 4 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты салынады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Орталық Коммуникациялар қызметінде баяндады. Кейінгі жылдары Қарашығанақты кеңейту жобасы жүзеге асуда. Былтыр зауытта 4-компрессор, биыл 5-компрессор іске қосылды. «Ал 6-компрессордың құрылысы аяқталуға жақын» дейді облыс әкімі. Осыған дейін 6-компрессор жоспар бойынша 2026 жылы ашылатынын айтқан еді. Жобаның негізгі мақсаты – кен орнындағы шикі газды дайындау, кері айдау және газды өндіру көлемін ұлғайту. БҚО – Ресей импортына тәуелдің өңірдің бірі. 2024 жылдың басынан бері сегіз ай ішінде облысқа импортталған 55%-ы – Федерация үлесінде. Қазақстан Мәскеуден газ, электр…

Read More

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты  «LRT» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданды сырттай тоғыз жылға соттады.  Оған ауыр салдарға алып келген лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп айып тағылды. Сотталушыға  халықаралық іздеу жарияланғандықтан, іс оның қатысуынсыз сырттай қаралды. Сот үкімімен Ардан Қылмыстық Кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. ҚК 58-бабының 6-бөлігі бойынша 2023 жылдың 3 мамырында шыққан сот үкімімен тағайындалған жазаны ішінара қосу арқылы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ сот сотталушының балалары бар екенін ескеріп, жазаны сәл де болса жеңілдеткен. Қандай айып тағылды және не үшін?…

Read More

Қазақстан 2024 жылы IT саласын қарқынды дамытқан әлемдегі озық елдер клубына енді. Біз әсіресе осы ауқымды сектордың цифрландыру бағытын ерекше өсіре алдық. Бүгіндері елімізде 16 мыңнан астам IT-компания жұмыс істейді, ал IT саласында 180 мыңнан астам маман қызмет атқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2026 жылы IT қызмет экспортының көлемін 1 миллиард долларға жеткізу бойынша нақты міндет жүктеді. Қазір IT біздің жалпы ішкі өніміміздің 4,3%-ын құрап отыр. Аз емес, бірақ әлі де өсу потенциалы жоғары. Бұл нарық әлі кемеліне жетпеген. Кейінгі жылдары IT мамандарының саны 273%-ға артты. Бірақ кемінде 150 мың IT маман жетіспейді деп айтар едім. Біздің оқу орындары…

Read More

Екі елдің қорғаныс бюджеттерінің өсуі қақтығыстың ұзаққа созылып бара жатқанын және ұлттық ресурстардың айтарлықтай бөлігінің әскери қажеттілікке жұмсалып жатқанын көрсетеді. Ресейдің үлкен әскери қоры болғанымен, санкциялар оның ұзақ мерзімді әскери өндірісін қиындатып отыр, ал Украина НАТО мен одақтастарының қолдауымен өз қорғаныс қабілетін күшейтуді жалғастыруда. Ресей қорғаныс шығынын арттыруда Ресейдің әскери бюджеті мемлекет тарапынан тікелей қаржыландырылады. Экспорттық кірістер (мұнай және газ) және ұлттық қордың қаражаттары қорғаныс қажеттіліктеріне жұмсалады. Санкциялардан кейін Ресей өз бюджетінің балансына ықпал ете бастады және ішкі өндіріс пен ресурстарға сүйенуде.  Ресей мен Украина арасында қақтығыс басталғанан бері қорғаныс саласындағы бюджеттік шығыс 2022 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 68,2%-ға артып,…

Read More

Орта Азия елдері өкілдерімен келіссөздер жүргізген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан 2025 жылдың сәуір айына дейін Сырдария өзені арқылы шамамен 11 млрд текше метр су алатынын мәлімдеді. Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 87-отырысы Түркіменстанның Ашхабад қаласында өтті. Кездесуге Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның су шаруашылығы ведомстволарының басшылары және Қырғызстан елінің өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Отырыстың соңында 1 сәуірге дейін Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су келеді деп айтылды. «Биыл келіссөздер мен бірлескен жұмыстың нәтижесінде біз Сырдария өзені бассейнінде суды тиімді бөлуге қол жеткіздік. Сондай-ақ, 86-шы отырыс қорытындысы бойынша бірлесіп атқарылған жұмысқа оң бағамды бергім келеді.…

Read More

Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының болжамы бойынша алдағы бір жылда доллардың курсы 507 теңге болуы мүмкін. Қауымдастық 2024 жылдың қараша айындағы қаржы нарығының кәсіби мамандарының кейбір көрсеткіштерге қатысты пікірі мен сауалнама нәтижелерін ұсынады. Энергоресурстар бағасының төмендеуі, жоғары пайыздық мөлшерлемелер және инфляция, сондай-ақ әлемнің ірі экономикалары арасындағы сауда қатынастарының нашарлауы Қазақстан экономикасының өсуіне кері әсер етуі мүмкін: алдағы бір жылдағы ЖІӨ өсімі туралы болжам бұрынғы 4,4%-дан 4,3%-ға дейін төмендеді (2024 жылдың 9 айында 4%). Келесі жылы Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 77,4 доллар болады деп болжануда (бір ай бұрын 78,9 доллар болған). Бұл болжам АҚШ пен ОПЕК+ елдерінде шикізат өндірісінің артуы және…

Read More

Ұлттық Экономиканың бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаев қамаудан қашты деген ақпарат негізсіз. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі Қазақстан ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) сілтеме жасап хабарлады. «Әлеуметтік желілерде сотталған Қуандық Бишімбаев түрмеден қашты деген жалған ақпарат тарап жатыр. Ол қазіргі уақытта ең қауіпсіз режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр», — деп мәлімдеді ҚАЖК комитетінің баспасөз қызметі. Мұндай ақпараттың тарауына AIRAN редакциясының YouTube арнаға шыққан репортажы себеп болған дейді. Видеода журналист экс-министр жазасын өтеп жатыр деген Аршалы ауылындағы колонияға барып, сол жердегі жауапты мамандардың Бишімбаевтың бұл колонияға келмегенін және ондай адамды көрмегенін айтады. Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова экс-министрдің Аршалыда емес екенін…

Read More

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері трансшекаралық Іле өзені арқылы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 13,5 текше шақырым су жіберілген. Нәтижесінде көлдегі судың орташа деңгейі Балтық жүйесі бойынша 341,60 м-ге жеткен. Балқаш көлінің 70%-ға жуық суы трансшекаралық Іле өзені арқылы қалыптасады. Биыл Қытаймен шекара маңындағы Добын гидробекетінен орташа су ағыны секундына 384 текше метрге жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға артық. Бұқаралық ақпарат құралдарында осыған дейін жазылғандай, Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобаларын әзірлеп жатыр. Осыған дейін министрлік өкілдері Ресей, Қытай және Орталық Азия…

Read More

ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, қаңтар-қазан айында мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 460,7 мың тоннаға жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда әлдеқайда көп. 2023 жылдың дәл осы кезеңінде 269 мың тонна болған. Осы орайда, министрлік 2024 жылы барлық сала бойынша өсім болғанын хабарлады: метил-терт-бутил эфирі – 37,3 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6%-ға артық (2023 ж. – 33,1 мың тонна); полипропилен – 241 мың тонна,  өсім – 56% (2023 ж. — 154,1 мың тонна);  бензол – 26,6 мың тонна, өсім – 33% (2023 ж. — 20 мың тонна); параксилол – 109,4 мың тонна, 6 есе ұлғайды (2023…

Read More

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 250 нысанды декларацияны 64 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, заңды тұлға басшылары, құрылтайшылары мен қатысушылары, олардың жұбайлары тапсырды. Бұл туралы БҚО Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде декларацияны тапсыру мерзімі 2024 жылы 16 қыркүйекте аяқталды.  Декларацияны ұсынбаған салық төлеушілерге 2024 жылдың 5 қарашадағы жағдай бойынша 7 мың жеке тұлғаға салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарлама жіберілді.  Мұндай салық төлеушілер хабарламаны алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде декларация немесе түсініктеме беру арқылы жағдайды реттеуі керек.  Салық кодексінің 118-бабының 1-тармағы бойынша Декларацияны ұсынбаған…

Read More