Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 22 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстан банктері ақша аударымы жеңілдеген халықаралық стандартқа көшті
Наргиза Ерес sarapshy.info 16/01/2025

Қазақстан банктері ақша аударымы жеңілдеген халықаралық стандартқа көшті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан банктері шетелге ақша аударуды жеңілдететін жаңа жүйеге көшті. Бұл жүйе банктер арасындағы төлемдерді тез және қауіпсіз аударуға  мүмкіндік береді. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. 

Жүйе 2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап іске қосылды. Халықаралық ISO 20022 стандарты банктер мен қаржы ұйымдары арасында ақпарат алмасудың ортақ ережелерін белгілейді.

ISO 20022 стандартының басты артықшылығы – төлем немесе ақша аударымында қосымша мәліметтерді қоса беруге мүмкіндік беруінде. Мысалы, төлем жасағанда тек шот нөмірін ғана емес, кімге және не үшін төлем жасалғанын анық жазуға болады.

Бұл қалай көмектеседі?

  • Ақша аударымдарын тексеру жеңілдейді, яғни төлемнің кімге және не үшін жіберілгенін тез түсінуге болады.
  • Қателіктерді азайтады. Мысалы, біреудің шотына қате ақша аударып жіберу ықтималдығы төмендейді.
  • Банктер мен қаржы ұйымдары төлемдерді тез және нақты өңдей алады, ал клиент үшін қызмет сапасы жақсарады.

Мамандардың айтуынша, бұл жүйе банктерге жаңа қызмет түрлерін енгізуге жол ашады. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарды пайдалану Қазақстанның шетелдік сауда серіктестерімен жұмысын жеңілдетеді және шекарааралық төлемдер үшін тиімді болады.

Қазақстан осы жүйені Орта Азия елдері арасында бірінші болып енгізді. Мамандар бұл жүйенің енуі енді Еуропалық Одақ пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен бірге трансшекаралық төлемдерді жеңілдетіп, халықаралық сауда-саттықтың дамуына ықпал етеді дейді.

Қазақстан халықаралық ақша аударымында Ресейге көп ақша аударған

Ұлттық банктің ресми мәліметі бойынша, 2024 жылдың қарашасында шетелге ХААЖ арқылы 60,6 млрд. теңге сомаға 144,4 мың транзакция жіберілген. 2024 жылдың қазан айымен салыстырғанда жіберілген ақша аударымдарының саны 1,8%-ға өссе, көлемі 6,5%-ға азайған. 

Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша көлемі бойынша келесі елдер көш бастап тұр: Ресей – 19,7 млрд. теңге (үлесі 32,5%), Өзбекстан – 14,2 млрд. теңге (жалпы соманың үлесі – 23,4%), Түркия – 13,2 млрд. теңге (үлесі – 21,8%), Грузия – 3,9 млрд. теңге (үлесі – 6,5%), сондай-ақ Қытай -2,7 млрд. теңге (үлесі – 4,4%).

Дереккөз: Ұлттық Банк

ХААЖ арқылы шетелге жіберілген аударымдардың негізгі үлесі АҚШ долларымен (жіберілген аударымдардың жалпы санындағы үлесі 28,4%, жіберілген аударымдардың жалпы көлеміндегі үлесі 52,4%) және қазақстандық теңгеде (тиісінше 57,1% және 37,9%) жүргізіледі.

2024 жылдың қараша айында Қазақстанға шетелден ХААЖ арқылы 17,8 млрд. теңге сомаға 54,1 мың ақша аударымдары жүргізілген. 2024 жылдың қазан айымен салыстырғанда шетелден түскен ақша аударымдарының саны 5,3%-ға азайса, көлемі 5,8%-ға азайды. Шетелден алынған ақша көлемі бойынша келесі елдер көш бастап тұр: Ресей – 3,96 млрд. теңге (жалпы соманың үлесі – 22,2%), Америка Құрама Штаттары – 2,8 млрд. теңге (үлесі – 15,7%), Түркия– 1,9 млрд. теңге (үлесі – 10,8%), Өзбекстан – 1,8 млрд. теңге (үлесі-10,4% ), сондай – ақ Корея Республикасы – 1,5 млрд.теңге (үлесі8,4%).

Дереккөз: Ұлттық Банк

Data HUB аналитикалық арнасының жазуы бойынша, Қазақстанға шетелден жіберілетін ақша аударымдары соңғы үш жылда ең төменгі деңгейге жеткен.

Қазақстанға жіберілетін ақша аударымдарының азаюы – жаңа құбылыс емес дейді арнаның сарапшысы. 2022 жылы Украинадағы жағдайға байланысты аударымдар қалыптан тыс жоғары болған. Кейін 2023 және 2024 жылдары бұл көрсеткіш біртіндеп бұрынғы деңгейіне оралған. Алайда қараша айындағы төмен көрсеткіш бұл «әдеттегі жағдайға» қайта оралу емес, ол тарихи тұрғыда да ең төменгі деңгей.

Бұған әсер етіп жатқан жаңа фактордың бірі – «Золотая корона» ақша аудару жүйесіне салынған санкциялар екенін айтады. Осыған байланысты қазақстандық банктер бұл жүйені уақытша тоқтатқан, бірақ кейін кейбірі қайта іске қосты. Дегенмен, қараша айында «Золотая корона» арқылы келген ақша 31%-ға азайып, 8,7 миллиард теңге болған.

Сурет: Ашық дереккөзден

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
ISO 20022 стандарты АҚШ доллары Ақша аударымдары Қазақстан банктері ҚР Ұлттық банк ХААЖ
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.