Автор: Nargiza Yeres

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық соты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығын соттады. Пара Депо бастығы кадрлар жөніндегі делдал-менеджер арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге көлемінде пара алған. Сот үкімі бойынша бастық 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды. Басқалар да жазаланды Делдал 1 жыл 6 айға сотталды. Пара берген адам мен оның көмекшісі әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғанның барлығының мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығы өмір бойына шектелді. Оқиғаның мән-жайы Осы оқиғаның толық мән-жайын Ақтөбедегі «Диапазон» басылымы жазған. 26 жастағы…

Read More

Қазақстан Ұлттық Банкі ел экономикасының болашағы туралы сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген макроэкономикалық сауалнаманың нәтижелерін жариялады. Сауалнамада мұнай бағасы, инфляция, ұлттық валюта бағамы, экономиканың өсу қарқыны, экспорт пен импорт сияқты маңызды көрсеткіштер талданды. Негізгі көрсеткіштер: Мұнай бағасы: 2024 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 80,4 доллар болды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 76,5 доллар деп болжанған  (бұрынғы болжам – 75 доллар). 2026 жылға мұнай бағасы барреліне 74 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Экономикалық өсім: 2024 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4%-дан 4,2%-ға жақсарған. 2025 жылы өсу қарқыны 5%-дан 4,7%-ға дейін төмендейді деген болжам бар. 2026 жылға болжам – 4,5% деңгейінде. Инфляция: 2024 жылы…

Read More

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы әскери нысандарға орта қашықтыққа ұшатын жаңа «Орешник» баллистикалық ракетасымен соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол 21 қараша күні кешке жасаған видеомәлімдемесінде айтты.  Путиннің сөзінше, бұл — 19 және 21 қараша күндері  Киевтің америкалық ATACMS және британдық Storm Shadow ракеталарын пайдаланып, Ресейдің Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға соққы бергеніне жауап. Ресей президенті Курск облысында шетелдік қару-жарақпен командалық пунктке шабуыл жасағанын растады. Ол қаза болғандар мен жараланғандардың бар екенін мәлімдегенімен, нақты санын айтпады. Днепрдегі нысанаға соққы Путиннің айтуынша, Ресей қарулы күштері 21 қараша күні Украинадағы қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің маңызды нысандарына соққы жасаған. Днепр қаласындағы «Оңтүстік машинақұрылыс зауыты» нысанаға…

Read More

Ұлттық банк 2024 жылдың III тоқсанында несие беру бойынша банктерде жүргізілген сауалнаманың қорытындысын жариялады. Оған 19 қаржы ұйымы қатысқан. Талдауды Ұлттық Банк тоқсан сайын несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсыныс бойынша өзгерістерді бағалау мақсатында тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл ретте ҰБ Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаевтың хабарлауынша, елімізде ипотека мен автонесиеге сұраныс артқан. Ірі бизнес тарапынан несиеге сұраныс артса, шағын бизнес тарапынан төмендеген Ұлттық банк дерегінше, 2024 жылдың III тоқсанындағы кәсіпкерлік субъектілерінің кредитке деген сұранысы алдыңғы тоқсандағы деңгейде қалды. Алайда оның құрылымы өзгерген. Банктердің хабарлауынша, ірі бизнес тарапынан кредитке деген сұраныс артқан. Жекелеген ірі банктер несиені қажет ететін бірқатар инвестициялық жобаның қайта…

Read More

Үкімет кәсіпкерлер сегментіне халыққа қызмет көрсету орталығын ашуға мүмкіндік бермек. Алайда халықты дербес деректердің құпиялығы мен қауіпсіздігі, кәсіпкерлердің сенімді болуы алаңдатады. Осыған байланысты деректердің қорғалуы, жобаның негізгі мақсаты, жеке тұлғалар үшін құқықтық тұрғыдан маңызы туралы Sarapshy.info редакциясы мамандар пікірін білді. Алдымен  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынып отырған  қызметтің үш түріне жеке тоқталып көрейік. Мемлекеттік корпорация агенті Мемлекеттік корпорация агенті – бұл мемлекеттік корпорациямен арнайы келісім жасасқан жеке кәсіпкер. Агент мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты құжаттарды қабылдау және дайын нәтижелерді беру қызметін атқарады. Агент не істейді? Агент арнайы тіркеуден өтеді. Ол мемлекеттік корпорацияда тіркелген ноутбукты пайдалана отырып, азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсетуге…

Read More

Жаңа қызмет тегін көрсетіледі. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады. Қазақстан азаматтары енді несие және сақтандыру тарихын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы оңай бақылайды. Жаңа «Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» сервисі арқылы пайдаланушы қаржылық жағдайын қадағалап отырады және несие алу мүмкіндігін анықтай алады. Сервистің мүмкіндіктері: Сервис екі негізгі бөлімнен тұрады: «Кредиттеу» бөлімі: Бұл бөлімде пайдаланушыларға соңғы бес жылдағы несие алу тарихы туралы есеп, белсенді несие міндеттемелері туралы ақпарат және скорингтік балды көре алады. Скорингтік балл – бұл пайдаланушының несие қабілеттілігін бағалайтын көрсеткіш.  «Сақтандыру» бөлімі: Пайдаланушы бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есепті көре алады. Сонымен қатар,…

Read More

Қазақстандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы Ұлттық статистика бюросының ақпараты  бойынша 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында экономиканың әртүрлі салалары мен аймақтары бойынша талдау жасап көрейік. Жалпы,  биыл он айда инвестиция көлемі 13,6 трлн теңгені құраған. Салалар бойынша ең көп үлес өнеркәсіп, жылжымайтын мүлік операциялары мен көлік секторына тиесілі. Алайда кейбір өңірде, әсіресе Атырау, Ақмола және Маңғыстау облыстарында көрсеткіш төмендеген. Инвестиция ахуалы анағұрлым жақсы Жетісу, Павлодар және Қарағанды облыстарында инвестициялар айтарлықтай өскен. Мұндай өсім өңірлердегі индустриалды жобалар мен инфрақұрылымдық бағдарламалармен байланысты. Өнеркәсіпке (40,3%), көлікке (17,9%) және жылжымайтын мүлікке (19,5%) бағытталған инвестициялардың айтарлықтай үлесі экономиканың осы секторларына деген жоғары сұраныс пен тұрақты…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен халықаралық  орыс тілі ұйымын құру идеясы бір жыл бұрын мақұлданып, Ресей Президенті Путин бұл идеяны қолдайтынын айтқан еді. Бүгін, 20 қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында 84 депутаттың 82-сі мемлекет басшысының идеясын қолдап оң дауыс берді, 1 адам қарсы, 1 депутат қалыс қалды. Бұл ұйымның неге керек екенін министр мен депутаттар түсіндірді: «Бұл — халықаралық ойын. Негізгі мақсаты — орыс тілін халықаралық сахнада іргелету. Қазір депутаттар қолдап, радивикациядан өткізді. Ресми процедура біткеннен кейін, заңға президент қол қойғаннан соң, 6 елдің министрлері жиналып, ұйымның қалай жұмыс істейтіні туралы шешім қабылдайды. Келесі жылдың басында негізгі шаралар басталады. Әр мемлекет…

Read More

Қазақстанда жаңа уақыт белдеуінің адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу үшін 100 млн теңге қаражат бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бастапқыда Денсаулық сақтау министрлігі зерттеуге 160 млн теңге сұраған. Алайда 100 млн теңге көлемінде қаражат бөлінуі мүмкін. Зерттеуді жүзеге асыру үшін алдағы уақытта арнайы конкурс жарияланады. Зерттеу жұмыстарына елдегі жетекші ғылыми мекемелер, атап айтқанда, Физиология және География институттары қатысады. Қаражаттың орнықты жұмсалуына Денсаулық сақтау министрлігінің өзі кепіл болатынын атап өтті. Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешім қабылданғаннан кейін кейбір өңір тұрғындары сағаттың ауысқанына наразы болды. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік, Ақмола, Алматы облыстарында…

Read More

Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанның магистральды құбырлар арқылы 57,8 млн тонна мұнай тасымалданған.  Оның ішінде: Отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілген мұнай: 15,1 млн тонна (жалпы көлемнің 26%-дан астамы). Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданған мұнай: 46,3 млн тонна. «Атырау-Самара» учаскесі арқылы тасымал: шамамен 7,2 млн тонна. Германияға жеткізілген мұнай: 1,2 млн тонна. Ақтау порты арқылы тасымал: Жалпы көлем: 3,1 млн тоннадан астам. Махачкала портына: 1,6 млн тонна. «Баку – Тбилиси – Джейхан» бағытына: 1,2 млн тонна. «Атасу – Алашанькоу» мұнай құбыры: Бұл бағыт бойынша 1 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды. Мұнай транзиті: Қазақстан аумағы арқылы жалпы…

Read More