Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 9 қыркүйек
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қаржы пирамидасының жетекшісі Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды
Наргиза Ерес sarapshy.info 03/02/2025

Қаржы пирамидасының жетекшісі Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қырғыз Республикасынан «QI-Trade Kazakhstan» қаржы пирамидасын құрған және басқарған Қазақстан азаматын экстрадициялады. Ол трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған.

15 миллиард теңгені заңсыз жымқырған

Тергеу мәліметтеріне сәйкес 2017-2020 жылдар аралығында қылмыстық топ Қазақстан аумағында «QI-Trade» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 4,7 мыңнан астам салымшыдан жалпы сомасы 15 миллиард теңге қаражат жинаған.

Қылмыстық топтың кейбір мүшелері сот үкімімен әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылса, күдіктілердің бірі қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған.

Күдікті Қырғызстанда кісі өлтірген

Іздеуде жүрген азамат Қырғызстан аумағында ауыр қылмыс – кісі өлтіру әрекетін жасап, қырғыз сотымен сотталған. Қазақстан оның экстрадициясын сұрап, уақытша ұстап беруді  сұраған.

Қазақстанда қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін сотталғаннан кейін, ол Қырғыз Республикасына қайтарылады, яғни екі елдегі қылмыстары үшін жазаға тартылады.

12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қазақстан заңнамасына сәйкес, аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін Қазақстан Бас прокуратурасы осы қылмыстық топтың екі мүшесін Ресей мен Польшадан экстрадициялап, олар сот үкімімен әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған еді.

 

Сурет: gov.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
QI-Trade QI-Trade Kazakhstan Бас прокуратура Қаржы пирамидасы Ресей мен Польша салымшы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ экстрадициялады
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

Біздің сараптама 09/09/2026

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026
Сайт мұрағаты
Қыркүйек 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.