Киікбай Әбілбайұлы
Киікбай Әбілбайұлы Медеуов - тау-кен инженері, экономист-заңгер.
Еңбек жолын бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі, ары қарай Өзен кен орнында мұнайшы оператордан бастап, мұнай және газ өндіру басқармасының басшысына дейінгі баспалдақтардан өткен.
1994–1996 жылдары аралығында Жаңаөзен қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет жасаған.
1996-2002 жылдары «Өзенмұнайгаз» ашық акционерлік қоғамына қарасты №2 Мұнай-газ өндіру басқармасын, Ғылыми-тәжірибелік өндірістік басқармасын ашып басшылық етті. Кейін «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның мұнай өндіру департаментінің директоры қызметін атқарды, басқарма мүшесі болды.
2002-2021 жылдары Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарындағы түрлі себептермен өнім беру қабілеттері төмендеген немесе геологиялық - технологиялық жағдайлары нашарлаған кенорындарды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысты.
«Құрмет» орденімен, жер қойнауын геологиялық зерделеудегі дербес үлесі үшін «Жер қойнауын барлаудың үздігі» белгісімен», «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Жаңаөзен қаласының «Құрметті азаматы».
Дәрменсіз борышкерлермен банкроттық іс жүргізу барысында олардың мүліктері мен жұмыстарын басқарумен айналысуға мемлекеттік лицезиясы бар.
К.Медеуов жоғары деңгейдегі кәсіби мұнайшы, ұйымдастырушы-маман, оның тәрбиелеген шәкірттері еліміздің көптеген мұнай-газ кеніштерінде жемісті еңбек етуде.
«Замана белестері», «Маңғыстау - бабалар мекені», «Қызылтұраннан Астанаға дейін», «Жақсылық Жанғазиев» кітаптарының шығарушысы.
«Туған жер-ХХI» қоғамдық ұйымының төрағасы.