Бүгін, 10 ақпанда қолайсыз ауа райы салдарынан Астананың халықаралық әуежайында 18 рейс кешіктірілді. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін 72 ұшақ жолға шығып, 74 рейс ұшып келеді деп жоспарланған. Қазіргі кезде Астанаға келетін 8 рейс, ұшып кететін 10 рейс кешігіп жатыр.
Рейстер мұз тазалау жұмыстарына байланысты шегерілген.
Айта кетейік, 2025 жылы ең жиі кешігетін әуе компаниясы FlyArystan атанды. Компания ұшақтарының 25%-ы жолға уақытынан кеш шыққан.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

