Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Әлем жаңалықтары»Албанияда министр қызметіне жасанды интеллект тағайындалды
Гүлмира Сарсенғали Әлем жаңалықтары 12/09/2025

Албанияда министр қызметіне жасанды интеллект тағайындалды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Албания министр қызметіне жасанды интеллектті тағайындаған әлемдегі алғашқы ел атанды. Мемлекеттік сатып алуларды қадағалайтын жасанды интеллект-министр «Diella» деп аталады. Бұл жөнінде Politico басылымы жазды.

«Diella» атауы албан тілінде «күн» деген мағынаны білдіреді.

Елдің премьер-министрі Эди Раманың айтуынша, мемлекеттік тендерлердің шешімдері кезең-кезеңімен министрліктерден «Diella-ға» беріледі. Қорытындысында Албания мемлекеттік тендерлері 100% сыбайлас жемқорлықтан арылған елге айналады. Ел қаржысы ашық, толық бақылауда болады.

Жасанды интеллект қазірдің өзінде жұмысын бастап кеткен.

Бүгінде әлемде жасанды интеллект технологиялары кеңінен қолданыла бастады. McKinsey зерттеулеріне сәйкес, 2030 жылға қарай AI-дің жаһандық экономикаға қосар үлесі $20 трлн болуы мүмкін.

Қазақстандағы жасанды интеллект

Жақында Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады. Ел президенті Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық ел болуы керек.

Қазақстанда 2024 жылы алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School ашылды. Биыл Ұлттық AI платформасы іске қосылды. Өңірдегі алғашқы ұлттық тілдік модель KazLLM құрылды.

Сондай-ақ Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. «Аlem.ai» орталығы ғылым, өнеркәсіп, шығармашылық индустриялар мен мемлекеттік қызметтер сияқты негізгі салаларда технологияларды дамытуға бағытталған. Жобаның аясында жыл сайын түрлі салалардан шамамен 10 000 талантты тарту, кемінде 1 000 жасанды интеллект маманын даярлау, шамамен 100 жасанды интеллект стартапын іске қосу және жасанды интеллект саласында 10 ғылыми зерттеу жүргізу жоспарланған.

Былтыр шілдеде елде Жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.

Фото: Freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Diella Албания Әлем Жасанды интеллект технологиялары Қазақстан ҚР Министр лауазымы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

Қазақстанда бір жылда жол апатынан 2500 адам қаза тапты

19/03/2026
жаңалық

Былтыр Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді

16/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.