23 қазанда Ақтөбе облысында Самара – Шымкент автожолында жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдаумен айналысатын «ГАЗель» көлігі соқтығысты. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Белқопа ауылының маңында болған апат кезінде DAF жүк көлігі қарсы бетке шығып кеткен. Соқтығысу салдарынан екі жүргізуші мен «ГАЗель» көлігінің 10 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, алты адам ауруханаға жеткізілді.
Қазір тергеу басталып, оқиғаның себептері анықталып жатыр. Полиция мен жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанды.
Ресми мәлімет бойынша көлікте зардап шеккен адамдар Хромтау аудандық ауруханаға жеткізілді. Алты адамның екеуінің жағдайы ауыр, төртеуінің жағдайы орташа.
Осы оқиғаға байланысты үкіметтік комиссия құрылды. Премьер-министрдің орынбасары Қ. Бозымбаев Денсаулық сақтау министріне емделіп жатқандарды авиация арқылы Астанаға жеткізуді тапсырды.
Ішкі істер министрлігі жол-көлік апатын зерттеу үшін арнайы комиссия құрып, қылмыстық іс қозғады.
Оқиға таңғы сағат 08:40-та болған. Қарсы жолаққа шыққан DAF жүк көлігін Өзбекстан азаматы жүргізген.
Оқыңыз:
Қазақстанда көлік апаты жиі болады. Қыркүйек айының басында ел ішінде 25 адам жолда көз жұмды.
фото: istockphoto.com

