Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»БҚО-да он жыл ішінде жол-көлік оқиғасы үш есе көбейді
Нұрсұлтан Ерболатұлы Шолу 29/08/2025

БҚО-да он жыл ішінде жол-көлік оқиғасы үш есе көбейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғалары жыл сайын артып келеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2015 жылы өңірде 249 көлік апаты тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 697-ге дейін шарықтаған. Яғни он жылда апат саны үш есеге жуық көбейген.

Ең ауыр дерек қаза тапқандарға қатысты. Мәселен, 2018 жылы 58 адам, 2021 жылы 61 адам жол үстінде өмірімен қош айтысқан.

Бұл – бір ғана облыстың ресми дерегі. Кей жылдары апат азайғандай көрінгенімен, соңғы үш жылда өсім қайтадан күрт үдеген.

Статистикаға үңілсек, айыппұл көлемі де жыл сайын еселенуде.

2015 жылы Батыс Қазақстанда көлік иелері төлеген айыппұл көлемі 1,1 млрд теңге болса, 2023 жылы бұл сома 5,7 млрд теңгеге, ал 2024 жылы тіпті 6,2 млрд теңгеге жеткен.

Яғни жол ережесін бұзу да, ол үшін төленетін айыппұл да өсіп келеді.

Бұл жерде мәселе тек қатаң жазада емес, жүргізушілердің мәдениетінде, жол сапасында, бақылау жүйесінде екенін аңғаруға болады.

Жолдардың тарлығы мен сапасы, жүргізушілердің ережені елемеуі, жылдамдықты асыра пайдалану, түнгі уақытта бақылаудың әлсіздігі, жүргізушілердің шаршаңқылығы, алкогольдік ішімдік әсері – осылардың барлығы ресми статистикаға тікелей әсер етіп отыр.

Қауіпсіз жол – қауіпсіз қоғам

Қарапайым арифметикаға сүйенсек, егер апат саны осылай арта берсе, он жылдан кейін көрсеткіш тағы екі есеге ұлғаюы мүмкін. Бұл тек облыстың емес, бүкіл елдің әлеуметтік мәселесіне айналады.

Апаттан кейінгі айыппұл – салдардың  шешімі ғана. Сондықтан жол үстіндегі тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту керек.

Ол үшін:

  • Ақылды бейнекамераларды көбейту;
  • Қоғамдық көлікті дамыту арқылы жеке көліктерді азайту;
  • Жүргізушілерге психологиялық әрі мәдени дайындықты арттыру;
  • Жол полициясының ашық әрі әділ бақылауын қамтамасыз ету қажет.

 

Автор

  • Нұрсұлтан Ерболатұлы

    2018 жылы Алматы қаласындағы Нархоз университетін "қаржы” мамандығы бойынша (бакалавр), 2020 жылы UIB университетінде "қаржы және банк ісі" мамандығы бойынша (магистратура) білім алды.

    2021 жылы “Forte bank” АҚ мененджер AWD қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары ECA 50 ұйымында дата-аналитик болды. 2024 жылдан бері kursiv.media, sarapshy.info порталында сарапшы ретінде мақалалар жариялайды.

    Барлығын қарау
автожол айыппұл апат БҚО БҚО жол мәселесі жол апаты жол-көлік апаты Жол-көлік оқиғалары статистика Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.