Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 11 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Біздің сараптама»Тіл меңгеруге бөлінген миллиондар: Қыруар қаржы желге ұшып жатқан жоқ па?
Нұрлыбек Рахманов Біздің сараптама 15/10/2022

Тіл меңгеруге бөлінген миллиондар: Қыруар қаржы желге ұшып жатқан жоқ па?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

 Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы (бұрынғы тілдерді дамыту басқармасы — ред) мемлекеттік тіл бойынша тренинг өткізу үшін осы жылы 16 млн 640 мың теңге бөлген.

Мемлекеттік сатып алу порталынының дерегінше, мекеме 16 мамыр күні «ARDAMIDI» ЖШС-мен келісімшарт жасасқан. Тендер ашық конкурс арқылы өткен. Келісімшартқа сәйкес, «ARDAMIDI» ЖШС биылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік тілден тренингтер өткізуге тиіс. Бірақ құжатта тренингке кімдер қатысатыны, қайда өтетіні көрсетілмеген, адам саны да белгісіз.

Техсипаттамада «Тіл үйренушінің басты мақсаты — сол тілде өз ойын жеткізе алатындай дәрежеде игеру және көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізе алатындай дәрежеде сөз сөйлеу» деп көрсетілсе, ал келісімшартта: «Батыс Қазақстан облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматын қазақ тілін үйрету курстарында оқыту» деп жазылған.

Бір қызығы, дәл осы тендерден бөлек, «ARDAMIDI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағылшын тілін үйрету үшін 13 мамыр күні 13 млн 360 мың теңгенің тендерін және «ұтқан». Ашық конкурс арқылы. Екі тендердің арасы бар болғаны үш-ақ күн. 13-16 мамыр. Тапсырыс беруші сол баяғы — мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

Бұл тендердің техсипаттамасында да ағылшын тілін кімдерге оқытатыны жазылмаған яғни жұмбақ күйінде. Осылайша, «ARDAMIDI» ЖШС мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасынан мемлекеттік және ағылшын тілін оқыту үшін 30 млн теңге алған.

«ARDAMIDI» ЖШС 2020 жылдың 24 қазаны күні тіркелген. Заңды мекенжайы Оралда деп көрсетілген. Оның иесі – Миржан Мұхамбетов деген адам. Ашық дереккөздерде бұл кісі жайлы мүлдем ақпарат жоқ.  Бұл серіктестіктің құрылтайшысы әрі басшысы Миржан Мұхамбетовке хабарласып, тренингтерге қанша адам, кімдер «оқытылып» жатқанын сұрағанбыз, бірақ серіктестік басшысы ештеңе білмейтінін айтып, сұраққа жауап бермеді.

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өз «тыңдаушыларына» тіл үйрету үшін биыл ғана қыруар қаржы бөліп отырған жоқ. Мемлекеттік сатып  алу порталындағы ақпаратта мекеме 2020 жылы мемлекеттік тілді үйретуге 16 433 500 теңге бөлсе, 2021 жылы 18 300 000 теңге жұмсаған. Ал осы жылы қанша қаржы бөлінгенін жоғарыда айтып өттік. Енді ағылшын тілін оқытуға қанша қаржы бөлінгеніне тоқталсақ: Оған 2020 жылы 13 650 000 теңге, 2021 жылы 12 100 000 теңге бөлінген. Осылайша, аталған басқарма мемлекеттік және  ағылшын тілінен тренингтер өткізуге үш жылда (осы жылды қоса есептегенде) 90 млн 483 мың 500 теңге қаржы жұмсаған.

Есенжол Елекенов

 

 

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
ARDAMIDI Батыс Қазақстан облысы мәдениет тіл үйрету тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026
Әлем жаңалықтары

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

24/10/2026
Біздің сараптама

Шымкенттегі инвестфорум: $4,8 млрд-тық құжат экономикаға не береді?

23/10/2026

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.