10 ақпан күні электронды сауда алаңында ұйымдастырылған аукцион кезінде ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың үйін ешкім сатып алмады. Бұл туралы BES.media жазды.
Электронды сауда алаңы сайтында «сату объектісі бойынша аукцион басталған сәтте қатысушылар тіркелген жоқ» деп көрсетілген. Сауда-саттық бүгін, яғни 25 ақпан күні, сағат 10:00-де болуы керек еді.
Сауда-саттыққа «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС eQazyna сауда электронды алаңында Кәрім Мәсімовтың үйіне ұқсас сәнді зәулім үйді лот ретінде орналастырған.
2022 жылы ҰҚК-ның төрағасы ұсталғаннан кейін оның үйінің фотосуреттері жарияланған. Тұрғын үй Нұра ауданының Ерейментау көшесінде орналасқан.
Порталдағы мәліметтерге сәйкес, тұрғын үйдің бастапқы бағасы — 1,8 миллиард теңге. Ал кепілдік жарнасы 117,9 миллион теңге деп белгіленген. Жылжымайтын мүлік нысанының жалпы ауданы – 2877,7 шаршы метр.
Үймен бірге қозғалмалы мүліктер де сатылымға қойылды: жиһаз, электронды аппаратура, өнер бұйымдары мен кәдесыйлар.
Қазақстан Республикасы ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов 2022 жылдың қаңтар айында боғлан оқиғалардан кейін ұсталды. ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Қаңтар оқиғасы кезінде Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш жұмыс орнында болған деді.
Осыған дейін Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану қылмыстары бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Тұрғын үйдің фотосуреттері:
Cурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті