Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Фактчекинг»Мәжіліс депутаты Магеррамовтың USAID туралы мәлімдемесі рас па?
Төлепберген Мәліков Фактчекинг 12/02/2025

Мәжіліс депутаты Магеррамовтың USAID туралы мәлімдемесі рас па?

USAID Фото: tock.adobe.com
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

5 ақпанда мәжіліс отырысында депутат Магеррам Магеррамов АҚШ-тың халықаралық USAID даму агенттігінің “абсурдты” жобаларға қаржы жұмсағаны туралы мәлімдеме жасады. Ол Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринға бағытталған депутаттық сауалында агенттіктің “зиянды” жобаларға ақша құйғанын айтты. Біздің редакция депутаттың қаншалықты рас сөйлегенін тексерді.

“Ақ Үйдің ресми мәлімдемелерінде USAID агенттігі “толықтай” салық төлеушілерге есеп бермегені және “абсурдты” және “зиянды” жобаларға үлкен көлемде қаржы бөлгені айқын айтылған. Мысалы, USAID Колумбияда “трансгендерлік операға”47 мың доллар, Перуде “трансгендерлік комикс” жасауға 32 мың доллар, Египетте туризмді қаржыландыруға 6 миллион доллар, Гватемалада “жыныс өзгерту” және “ЛГБТ-активизмге” 2 миллион доллар, Сербияда жұмыс ұжымдары мен іскерлік қауымдастықтарда теңдік пен инклюзивтілікті насихаттауға 1,5 миллион доллар, Ауғанстанда мак және героин өндірісін қолдауға “ирригациялық каналдар, ауылшаруашылық жабдықтары және тыңайтқыштарға” жүздеген миллион доллар бөлген”, – деді Магеррамов.

Неліктен депутат мәлімдемесін дәлелденген деп айтуға болмайды?

Ақ үйдің ресми сайтында осындай ақпарат жарияланған рас. Депутат Магеррам Магеррамов тек Ақ үйдің ақпаратына сүйенген. 25 қаңтарда АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың жарлығымен USAID жұмысы 90 күнге тоқтады. Ал агенттіктің ресми сайтында 2 ақпаннан бастап жұмыс тоқтатылғаны туралы хабарлама жарияланды. Алайда депутат келтірген ақпарат тек бір тарапқа сүйеніп айтылғандықтан нақты дәлел деп айтуға болмайды.

USAID дегеніміз не және оның атқаратын қызметі қандай?

АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) 1960-жылдардың басында АҚШ үкіметінің атынан гуманитарлық көмек бағдарламаларын басқару үшін құрылды. АҚШ Конгресі зерттеу қызметінің хабарлауынша, агенттікте шамамен 10 000 қызметкер жұмыс істейді, оның біраз бөлігі шетелдерде қызмет атқарады. Агенттік кеңселері 60-тан астам елде орналасқан.

Агенттік атқаратын қызмет ауқымы өте кең. Мысалы, USAID аштықтан зардап шегетін елдерге азық-түлік жеткізіп қана қоймай, әлемдегі ең үздік ашаршылықты анықтау жүйесін жүргізеді, яғни деректерді талдау арқылы азық-түлік тапшылығының пайда болатын жерлерін болжауға тырысады.

USAID бюджетінің көп бөлігі полиомиелит ауруы әлі де таралатын елдерде вакцинация жүргізуге,  пандемияға себеп болуы мүмкін вирустардың таралуын тоқтатуға, яғни денсаулық сақтау бағдарламаларына жұмсалады.

АҚШ үкіметі USAID жобаларына қанша ақша бөлді?

BBC сайты ресми дерекке сүйеніп, АҚШ билігі 2023 жылы халықаралық көмекке 68 млрд доллар жұмсағанын жазды. Бұл қаржы бірнеше министрлік пен агенттік арасында бөлінген. Алайда бұл соманың жартысынан көбі USAID бюджетін, яғни шамамен 40 млрд долларды құраған.

USAID қаражатының басым бөлігі Азия, Африка және Еуропада және Украинадағы гуманитарлық көмекке жұмсалады.

Мысалы, Ұлыбритания — әлемдегі ең үлкен көмек шығындарын жұмсайтын төртінші ел. 2023 жылы ол 15,3 миллиард фунт стерлинг жұмсаған, алайда бұл АҚШ-тың берген көмегінің шамамен төрттен бір бөлігін ғана құрайды.

фото: tock.adobe.com

Автор

  • Төлепберген Мәліков

    Барлығын қарау
USAID АҚШ фактчек
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БАӘ компаниясы Лукойл үлесін сатып алуы мүмкін

24/11/2025
жаңалық

Трамп Ресеймен сауда жасайтын елдерге жаңа санкция пакетін әзірлеп жатыр

17/11/2025
Экономика

Швецариялық Gunvor «Лукойл» активін қабылдамады

07/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.